Шымкенттік өрт сөндірушілер ел кубогын иеленді

0
46

Қазақстан Республикасында өрт-құтқару спорты мемлекетіміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап дамып келеді. Бүгінгі таңда өрт-құтқару спорты бойынша тәжірибелі жаттықтырушылар құрамы ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командаларын дайындауда.

2021 жылғы 24-29 мамыр аралығында Шымкент қаласы ТЖД құрама командалары Атырау қаласында өткізілген өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ТЖМ «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» ҚБ кубогы турниріне қатысты.

Жалпы 10 ерлер, 8 әйелдер командасы қатысқан тартысты жарыс өрт сөндіру-құтқару спортының «оқу мұнарасының 2 және 4 қабаттарының терезесіне иінді сатымен шығу», «кедергісі бар 100 метрлік жолақтан өту» және «4х100 метр өрт эстафетасын еңсеру» түрлерінен болды.

Тартысты жарыста Шымкент қаласының әйелдер командасы бірінші орынды иеленді. Ал ерлер командаларының арасындағы жарыста кедергісі бар 100 метрлік жолақтан өтуден 1-ші орынды Вахиджан Казакбаев қанжығасына байлады.

Өрт-құтқару спорты бойынша республикалық сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін вокзалда Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылығы, туыстары, достары мен әріптестері салтанатты түрде қарсы алды. Қызмет бастығы азаматтық қорғау подполковнигі К. Д. Арсланов спортшыларды құттықтап, алғысын білдірді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған