ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 300 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

0
97
 Түркістан қаласында көгалдандыру бағытында өткен жылы жүйелі жұмыстар атқарылды. 2023 жылдың көрсеткіші бойынша шаһарға 314 мың дана ағаш көшеті отырғызылды. Сонымен бірге қаланың орталық алаңдары мен скверлерін абаттандыруға айрықша назар аударылды. Мәселен, қала көшелері, саябақтары, скверлері, аллеялары мен гүлзарларда 62 мың дана түрлі көпжылдық және бір жылдық гүл көшет егілді.
  Сондай-ақ 379 гектар аумақта ағаштарды дәрілеу өңдеу тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізілсе, 17 925 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы 62 саябақ, сквер, аллеядағы кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстары (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б) аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары боялып, қайта қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылды.
Одан бөлек, қала аумағындағы 82 субұрқақ қысқы маусымға дайындық ретінде консервациялық жұмыстардан өтті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған