Шымкент: Еңбекші ауданында сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 94,5%-ға жетті

0
44

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы оң нәтиже көрсетуде . Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов мәлімдеді.

– Еңбекші ауданында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті билік органдары жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жұмыстар атқарылуда. Мәселен, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2020 жылы тұрғындардан түскен жобалар сараптамалық кеңесте қаралып, басым дауыс жинаған 13 жоба бойынша 24 үйдің ауласын абаттандыруға бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, осы жылы аталған жоба бойынша сәуір айында конкурс жарияланып, 85 жоба түсті. Бүгінде оның 77 жобасы дауыс беруге жіберілді, – деді ол.

Ғалымжан Молдабайұлының сөзінше, Еңбекші ауданында сапалы ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 2020 жылдың қорытындысымен 94,5 пайыз, ал электр жүйесімен қамту 90,6%-ды құраған. Бүгінде Жұмыспен қамту жол картасы аясында Жұлдыз, Жалын, Қарабастау тұрғын алабтарын электр жүйесімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газбен қамтамасыз ету – 85,4 пайыз. Бұл ретте жекеменшік жүйедегі 5,2% пайыз бен қамтылмаған 9,4%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2021-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізіліп отыр. Сондай-ақ, Мирас, Шапағат-2 Ұлағат шағын аудандарында кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған