Шымкент: жаңашыл ұстаздың жетістігі мол

0
38

Жаңашыл ұстаз – заман талабы. Осы орайда Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Марфуға Кунтаева — шәкірт ойына сенім мен жігер ұялата білетін өз кәсібінің майталманы. Қазіргі заман талабына сай өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын, сабақтарында инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланатын білікті ұстаз. Ол өзінің үздік тәжірибесін «Жаңа тұрпатты сабақты құрылымдау» атты әдістемелік нұсқаулығы арқылы Түркістан облысы мен қала мұғалімдерімен бөлісті.

Білім саласындағы еткен еңбегі бірнеше марапатқа лайық болды. Атап айтсақ. Марфуга Абутәліпқызы ҚР Білім беру ісінің үздігі белгісі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері төсбелгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекелік медалімен, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жаңашыл ұстаздың тәрбиелеген оқушылары да үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Жаңашыл ұстаздың оқушылары республикалық Абай оқулары байқауында және «Ақ қауырсын – 2» шығарма байқауында алдыңғы орындардан көрінді. Сондай-ақ шәкірттері облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері ретінде С.Демирел атындағы ОАУ-нің гранттарына ие болған. Сондай-ақ, «Эрудит» интеллектуалды білім порталының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған байқауында 11 –сынып оқушысы 1- дәрежелі дипломмен марапатталған. Семей қаласында өткен «Ақберен» IV республикалық ақындық және шешендік өнер байқауында гимназия шәкірті «Эссе жазу» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломға ие болып, жеңімпаз атанған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған