«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

0
58
Шымкент ҚПД ЖПҚБ Еңбекші ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Ақмарал Төреханқызы мен Жұлдыз Тасқұлова отбасындағы зорлық-зомбылық акциясы аясында «Самғау сенім орталығында» семинар кеңес өткізді. Іс-шараның мақсаты — тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау және болған жағдайда сол құқық бұзушылықтың анығына жетіп, тиісті шараларды қолдану болып табылады.
Шымкент қаласында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау топтарымен етене тығыз қызмет атқаратын бірнеше дағдарыс орталықтары бар («Көмек», «Самғау сенім» және «Аналар үйі»). Бұл орталықтармен полиция инспекторлары жиі, кешенді түрде бірлесіп жұмыс атқарып келеді.
Зардап шеккен әйел адамдардың басым көпшілігі — осы мемлекеттік мекемелерге орналастырылады. Дағдарыс орталығына орналасқан әйелдердің моральдық, психологиялық және құқықтық жағынан өзін бір ретке келтіріп, шешілмей жүрген проблемаларын қалыпқа келтіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, орталық мамандарының жан-жақты көмегіне жүгіне алады.

Leave a reply

Ұқсас жаңалықтар

Ақпарат қорғалған