Қала аумағында карантиннің сақталуын 20 мобильдік топ бақылауда

0
45

25 маусым күні Шымкентте КВИ-дің 73 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 54, белгілері жоқ – 19). 23 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 50 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1276 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы — 6), төсек орын толымдығы 26%-ды құрайды, 944 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 332 науқас емделуде (КВИ-194, пневмония-138, ЖРВИ-0), жансақтау бөлімінде — 15 (3 — ИВЛ, 12 — НИВЛ).

Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 279 924, тәулігіне — 1766.
Бір тәулік ішінде қалада 6418 адам вакцина алды
(I компонент-3999, II компонент-2419). Егу науқаны басталғалы барлығы 247 489 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 146 248 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда.

Олар өткен тәулікте 175 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 10 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды
(172 кәсіпкерлік нысан, 3 жеке нысан).
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған