ШЫМКЕНТ ВОКЗАЛЫНДА ASHYQ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

0
50
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Ashyq жобасы Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан және Шу вокзалдарында енгізілді. Бұл туралы Infonews.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды Шымкент қалас әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Енді темір жол вокзалындағы станцияға кіре берісте жолаушы Ashyq қосымшасы арқылы өзінің «жасыл» немесе «көк» мәртебесін растауы керек. Мұны смартфонда Kaspi.kz, Homebank, Aitu арқылы немесе вокзал қызметкеріне өзінің ЖСН көрсетуі арқылы жүзеге асады. Шетелдіктер станциядағы мәртебесін төлқұжат нөмірі бойынша тексере алады.
18 жасқа дейінгі балаларға тексеруден өтудің қажеті жоқ. Вокзалға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар жіберілмейді. Өз мәртебеңізді алдын ала www.ashyq.kz сайтындағы бейтарап QR коды арқылы тексеруге де болады.
Бұған дейін маусым айында жоба Нұр-Сұлтан, Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен қалаларындағы вокзалдарда іске қосылған болатын.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған