10 ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ XXXII ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

0
48
Үстіміздегі жылғы 23 шілде – 8 тамыз күндері аралығында Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Еліміздің үшінші мегаполисінен аталған жарысқа 10 спортшы аттанды деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, оқ ату спорт түрінен — Юрий Юрков, 24 шілдеден 2 тамызға дейін өнер көрсетеді;
Стенд атудан — Зоя Кравченко, 24 шілде — 2 тамыз;
Каратэден — Дархан Асадилов, Юлдашев Данияр, Берульцева Софья, 5-8 тамыз;
Бокстан — Закир Сафиуллин, 24 шілде — 8 тамыз;
Байдарка және каноэ есуден (К-2) — Тимофей және Сергей Емельяновтар, 2-8 тамыз;
Көркем гимнастикадан — Алина Адилханова, 6-8 тамыз;
Дзюдодан — Галбадрах Отгонцэцэг, 24-31 шілде аралығында бақ сынасады.
Сонымен қатар, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары болады. Оған Шымкенттен суда жүзу спорт түрінен Роман Агалаков қатысады. Ол 24 тамыз -5 қыркүйек аралығында еліміздің намысын қорғайды.
Спорт саласының мамандары Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы Оңтүстіктің барлық спортышларына сәттілігін тіледі.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған