ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН «SMART АЯЛДАМАЛАР» ОРНАТЫЛАДЫ

0
48
Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жолаушылар хабы саналатын 10 нүктеге «ноу-хау» аялдамалар салынбақ. Жаңа үлгідегі аялдамалар демеушілер тарапынан пайдалануға беріледі деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай аудан әкімі Рашид Мыңбаев осы бойынша инвесторлармен кездесіп, құрылыс жоспарын пысықтады. Басты мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы жағдай жасау. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аялдамаларға бейнебақылау камералары орнатылады. Аталған аялдамалар жолашыларды мейлінше жаздың аптап ыстығынан және күннің салқындығынан қорғап, ыңғайлы етіп жасауда.
Сондай-ақ, жолаушылардың ең басты қажеттіліктері саналатын желдеткіш пен тегін wifi, сонымен қатар телефон қуаттағыш құрылғысы, көлік бағыттарын көрсететін жол картасы да қойылады.
Айта кетейік жоспарға сәйкес жаңа үлгідегі смарт аялдамалар алдағы айда ел игілігіне,  мегаполисті қаланың барлық аудандарына беріледі деп жоспарлануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған