«ДЕНІ САУ ҰЛТ» – САПАЛЫ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНА КЕПІЛІ
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілді.
Күтілетін әлеуметтік әсер – азаматтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылғы 71,37 жастан 2025 жылы 75 жасқа дейін ұлғайту Халықтың медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін 2020 жылғы 53,3 %-дан 2025 жылы 80 %-ға дейін арттыру.
Ұлттық жоба 4 бағыттан тұрады:
1-бағыт. Қолжетімді және сапалы медициналық көмек;
2-бағыт. Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру;
3-бағыт. Отандық өндірістің қолжетімді дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары;
4-бағыт. Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.
Түркістан облысы бойынша 2021 жылы Ұлттық жоба аясында Ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту: оның ішінде Ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек және спутниктік ауылдарда фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашу көрсеткіші бойынша 2022 жылы жоспар – 11 нысан жоспарланды, 1 нысан салынып, пайдаланылуға берілді (Ордабасы ауданындағы Бірлік ФАП).
Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы тағыда 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізілуде, олар – Ордабасы ауданында 3 нысан, Төлеби ауданында 1 нысан.
Ғимараттарды санитарлық талаптарға сәйкестендіру мақсатында басқармаға қарасты 5-ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жедел жәрдем қызметін нормативке сәйкестендіріп, жүктемесін азайту мақсатында демеушілікпен (КАТКО қорынан) Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған жедел жәрдем стациясының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Түркістан қаласында заманауй перзентхана салу үшін Біріккен Араб Әмірлігімен келіс сөздер жүргізілуде (Абу-Даби қорынан).
Айта кету керек, 2022 жылы Түркістанда «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар науқас балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы заманауи үлгіде жасақталған.
Сонымен қатар, ауылдық жерлердің және шалғай елді-мекендердің халқына консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін көрсету барлық қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмек көрсетілуде. Түркістан облысына 3 камаз түріндегі және 12 автобус түріндегі жылжымалы медициналық кешен 150 ауылдық елді-мекендерді қамтамасыз етіп, халыққа медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Жылжымалы медициналық кешенмен ауыл халқын медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, жыл басынан 181 242 халық қамтылды.
Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 5 481 дәрігерлер және 19 191 орта буын мамандары қызмет атқарады. Қазіргі таңда, дәрігерлер тапшылығы 258 маманды құрап отыр. Тапшылық бейінді мамандықтар (кардиолог, невропатолог, оторинларинголог, анестезиолог-реаниматолог (ересектердің, балалардың) педиатр, окулист, онколог, акушер-гинеколог, неонатолог, нефролог, инфекционист, жедел жәрдем дәрігері, фтизиатр, травматолог, зертхана дәрігері, офтольмолог, патологоанатом, дерматовенеролог, ревматолог) есебінен туындауда.
Облыстық медицина кадрларымен қамтамасыз етілуі дәрігерлер 26,4%, орта буын 92,5%.
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының жергілікті бюджет есебінен 2022 жылдың 6 айында – 593 маман білімін жетілдірді.
2022 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет есебінен 593 маман, оның ішінде а.ж.наурыз айында облыстың медициналық ұйымдарының 30 невропатолог, реабилитолог мамандарына Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік медициналық университетінде «Пәнаралық инсультпен ауыратын науқастарды оңалту тәсілі» тақырыбында семинар – тренингке қатысып, біліктілігін арттырды.
Сондай – ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы «University Medical Center» корпоративтік қоры орталығында, Астана медицина университеті, Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия университеті және Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы медициналық университетінің оқу орталықтарында 9 маман эндоскопист,травматолог-ортопед, анестезиолог-реаниматолог, хирург және ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірді.
Сонымен қатар, а.ж. соңына дейін медицина қызметкерлерін ел ішінде, алыс және жақын шет елдерде Санкт-Петербург, Новосибирск, Стамбул, Анкара, Минск т.б. қалаларында білімдерін арттыру жоспарға қойылды.
Облыстағы медициналық ұйымдарға 2021 жылы-28 акушер-гинеколог, 2 неонатолог жұмысқа орналасты, оның ішінде ауылды жерге жұмысқа орналасқан 2 жас маман 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде әлеуметтік қаржылай көмек көрсетілді, 2022 жылы-4 акушер-гинеколог, 3 неонатолог мамандары жұмысқа орналасты.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің жалпы көлемінде амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің көлемін кеңейту пайызы 63,6% құрады.
Жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту мақсатында, жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту 83% құрады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту 2022 жылдың 6 айында мүгедек балалар саны – 10371, оңалту емін алған мүгедек балалар саны – 1883, сәйкесінше көрсеткіш 18,15% құрады.
1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту 85,5% құрады.
14 жасқа дейінгі балалар арасында, семіздікпен сырқаттанушылық көрсеткіші 2022 жылдың 6 айына 9,2% құрады.
Ұлттық жобаның негізгі басымдығына сәйкес, сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін облыста жоспарланған іс-шаралар тұрақты орындалуда.
Марат ПАШИМОВ, қоғамдық денсаулық басқарма басшысы.