infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Ел байлығы — адамдарының денсаулығы»

23 ноября, 2022
in Әлеумет
0
«Ел байлығы — адамдарының денсаулығы»
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Кез келген елдің болашағы оның халқының денсаулығына байланысты. Ал, еліміздің басты бағыттарының бірі – салауатты өмір салты. Осы орайда Отырар аудандық ауруханасының бас дәрігері Еркін Болатұлымен аз-кем әңгімелескен едік.
– Еркін Болатұлы, тұрғындардың денсаулығын сақтау мәселесінде медициналық мекемелердің атқаррар рөлі зор. Қазіргі таңда Отырар ауданы бойынша қанша денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істеп тұр?
– Дұрыс айтасыз, медициналық мекемелер көп болған сайын елге пайда. Бүгінде Отырар ауданы бойынша 1 аудандық аурухана, 1 мамандандырылған аудандық емхана, 13 дәрігерлік амбулатория, 9 фельдшерлік-акушерлік тірек пункті, 12 медициналық тірек пункті халыққа қызмет көрсетеді. Дүние есігін ашқан нәрестеден  бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты абзал жандар талай адамдардың жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді.
– Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шалғай ауылдарда медициналық мекемелердің санын көбейтуді тапсырған болатын. Осы мақсатта ауданда қандай шаралар қолға алынбақ?
– Мемлекет басшысы назар аударып отырған мәсе-ле – өте өзекті. Тұрғындардың денсаулығын қадағалау үшін медициналық пункттердің көптеп ашылғаны маңызды.
Қазіргі таңдағы қажеттілікке сәйкес биыл Қоғам ауылдық округінен Талапты дәрігерлік амбулаториясының (жобалық құны 450 млн. теңге) құрылысы басталды. Бұл нысан келер жылы аяқталып, пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар аудан орталығынан ең шалғай орналасқан Аққұм ауылдық округінде орналасқан Аққұм дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының тозығы жетуіне байланысты күрделі жөндеуден өткізіледі. Қазіргі таңда ол ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Талапты ауылдық округі, Шытты елді мекенінде орналасқан фельдшерлік-акушерлік тірек ғимаратының да тозығы жеткен. Қазіргі таңда  жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. 2024 жылы шыттылықтар да жаңа аурухананың қызметін пайдаланатын болады. Бұл жобаларды қаржыландыру көзі республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
– Аудандағы азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі қалай жүзеге асырылып жатыр? Ауданда негізінен қандай ауру түрлері көп? Бала туу көрсеткіші қандай? Ауданда медицина мамандары жеткілікті ме?
– Негізінен Отырар ауданы экологиялық аймаққа жатады. Экологияның нашарлауының жергілікті халыққа тигізер зардабы аз емес. Биылдың өзінде тұрғындар арасында жалпы алғаш рет анықталған аурулар саны 6688 науқасқа жетті. Оның ішінде жүрек-қантамыр аурулары бойынша – 59, туберкулез ауруымен – 11, қатерлі ісік ауруымен – 35, жарақат және улану ауруымен 743 науқас тіркелді.
Аудан тұрғындарының денсаулығын сақтауды міндетіне алған ақ халатты абзал жандардың қатары жыл санап артып, білікті, тәжірибелі мамандармен толығуда. Әрине, маман жетіспеушілігі байқалады. Атап айтар болсақ, Отырар аудандық орталық ауруханасына қазіргі таңда ЛОР, рентгенолог, гастроэнтеролог секілді маман дәрігерлер қажет.
– Әңгімелескеніңізге рахмет! Жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Сұхбаттасқан Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Ońtústik Qazaqstan».
Алдыңғы пост

«Тынымсыз ізденіс қана мұратқа жеткізеді»

Келесі жаңалық

«КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗҒАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНАДЫ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі