infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЗАҚТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

August 21, 2022
in Әлеумет
0
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЗАҚТЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Созақ ауданына арнайы іс-сапармен келген Парламент Мәжілісі депутаты Қайнар Абасов бірқатар кездесу өткізді. Табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, индустриалды аймақта орналасқан “Дархан-АС” ӨК-де болды.
Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дулат Байзақов мердігер мекеме «StroyGazCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа сай жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып, аудан үшін маңызды құрылысты аяқтауға қолбайлау болып тұрған мәселелерді шешуге ықпал етуді сұрады.
Орталық стадионда спортшылармен жаттықтырушы құрамымен кездесті. ҚР Парламент мәжілісінің депутатының алдында аудан спортындағы жетістіктермен қатар толғандыратын мәселелер сөз болды. Аудандардағы спорт мектептерінің облыстық бюджеттен қаржыландырылуы, жаттықтырушыларға тиісті деңгейде қолдау көрсетілмеуі, тәжірбиелі жақтырушылардың айлық ақыларының аздығынан жалпы орта мектептерге ауысу жағдайлары жиілеуі, осыған байланысты педогогтар мен жаттырушылардың дәрежесін теңестіру қажеттігі туралы айтылды. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
Іссапар барысында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Бегалыұлы Созақ ауданындағы индустриалды аймақта орналасқан “Дархан-АС” ӨК жұмысымен танысып, жұмысшыларымен кездесу өткізді. Мемлекеттік бағдарламаларда болып жатқан соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды тарқатып түсіндірді. Жартытөбе ауыл округінде «Бабата-1» шаруа қожалығында болып, онда шаруа қожалық иелерімен кездесті. Қазіргі таңда субсидия мен несие алу, жерді жалға алу тағы да басқа мәселелер туралы сөз болды. Парламент мәжілісінің депутатына кәсіпорын басшылары мен шаруа қожалық иелері сауалдарын қойып, айтылған ұсыныстар назарға алынғанын, тиісті министрлікке жеткізетінін айтты.
Алдыңғы пост

СОЗАҚ АУДАНЫ ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУҒА КІРІСТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ СПОРТ КЕШЕНДЕРІМЕН ТОЛЫҒАДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі