Thursday, December 26

САЙРАМ: АУДАНДА АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

0
67

Ақсукент ауылында «Қоғамдық келісім» КММ-ң Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХVI сессиясының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, ақпараттық-насихаттық тобының мүшелері аудандық түрік этномәдени бірлестігінің және неміс этномәдени бірлестігінің көшбасшыларымен кездесті.
Кездесуде «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы өз сөзінде: Қазақстан халқының рухани- мәдени құндылықтарын сақтай отырып аудан аумағында тұрып жатқан 39-дан астам этнос өкілдері киелі шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын, бүгінде аудандық ҚХА жанында 8 этномәдени бірлестік пен 4 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылғанын және атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Жарыссөзге шыққан түрік этномәдени бірлестігінің көшбасшысы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Яша Чилингаров: Бабаларымыз ұрпақтарына ұлттық құндылықтар жетсін, тарихымыз сақталып қалсын деп қаны мен терін осы жерге төккен. Осыны біле тұрып, біз қалайша еліміздің құндылығын ұмыта аламыз? Керісінше, біз тілімізді, дәстүрлерімізді өсіп келе жатқан ұрпақтарға нассихаттауымыз қажет -деді.
Сондай-ақ неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Александра Утвенко: Біздің спортсмендер туымызды көкке көтеріп, елімізді бүкіл әлемге танымал етіп жатыр. Шетелге барған жастар шетелде отырып, оюлы домбырамыздың қоңыр үнін тыңдатады, ұлтымыздың құндылығын, рухын көтереді.
Әрине, біз ұлттық құндылықтардың әрқайсысын құрмет тұтуымыз қажет. Себебі ұлттық құндылықтар – ұлттың қазынасы – деді.
Басқосу барысында қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар алды.

Leave a reply