Thursday, December 26

САУРАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР «SHARDARA ARMSPORT» КЛУБЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

0
335
 Қол күресі әлемде және елімізде жылдам дамып келеді. Дәл қазіргі таңда барлық өңірде бұл спорт түрімен айналысатындар жетерлік. Аталмыш спортты еліміздің атын әлемге танытып жүрген аймақтың бірі – Шардара қаласы болып табылады. 2001 жылы негізі қаланған «Shardara Arm» спорт кешенінен бүгінге дейін 120 әлем чемпионы, соның 230 спортшы 2-3 дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Сонымен бірге 26 әлем кубогы иегері, 209 Азия чемпионы, 50 Азия кубогының иегері, 359 ҚР чемпионы шыққан.
 Сауран ауданында да дәл осы спорт түріне ден қойылып, қол күресшілерді даярлап, армрестлинг спортын дамыту көзделуде. Осы негізде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шардара қаласына арнайы делегация барды. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев бастаған топ пен аудандық спорт клубтың басшысы Еркін Жарқынбек онда тәжірибе алмасып, арнайы мемормандумға отырды. Алдағы уақытта екі аудан тарапынан аталмыш спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылып, тәжірибе алмасатын болады.
Шардара Армрестлинг клубының құрылғанына 23 жыл толған. Оған дейін бұл өңірде қол күресі спорты дамымаған. Ең алғаш негізін қалаған – Арман Қарсыбаев. Айта кетейік, қол күресі (Армрестлинг) спорты ежелден бері қызық әрі қиын спорт түрі болып табылады. 1952 жылы Калифорнияның Петалума қаласында ең бірінші осы спорт түрі жандана бастаған. Армрестлинг спорты олимпиялық спорт түріне кірмесе де, әлемде өте танымал спорт қатарына еніп отыр.

Leave a reply