Thursday, December 26

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ 76 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

0
78

Бүгін аудан көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік жұмыстары өткізілді. Сенбілікке ауылдық округтер мен дербес бөлімдер, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

Акция шарасы Шорнақ ауылдық округінде, «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Шәуілдір», «Түркістан-Кентау» бағыттары мен С.Қожанов елді мекеніндегі ұйымдастырылған сенбілікке жұмысына – 398 адам қатысты. Нәтижесінде 76 тонна қоқыс шығарылып, оған 13 техника жұмылдырылды.
Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды. «Тазалық – денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулаларыңызды таза ұстауға, тазалық шараларын сақтауға шақырамыз!

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сауран ауданы бойынша сенбілік жұмыстары өтті. Тазалық шарасына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірлесе атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарды. Шорнақ ауылдық округінде, «Түркістан-Шымкент», «Түркістан-Шәуілдір», «Түркістан-Кентау» бағыттары мен С.Қожанов елді мекеніндегі ұйымдастырылған сенбілікке – 400-ге жуық адам қатысты. Нәтижесінде 76 тонна қоқыс шығарылып, оған 13 техника жұмылдырылды.
Аталған шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Leave a reply