infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Спорт

“ТОМИРИС-ТҰРАН”: БҰРЫМДЫЛАР ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

June 21, 2022
in Спорт
0
“ТОМИРИС-ТҰРАН”: БҰРЫМДЫЛАР ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ
0
SHARES
46
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылғы футболдан әйелдер арасындағы ҚР чемпионатының нәтижесінде отандық екі клуб УЕФА «Чемпиондар лигасында» бақ сынайды. Осыған орай, ҚФФ 2022/23 жылғы маусымға арналған әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының күнтізбесін жариялады. Еуропаның ең үздік турнирінде ел намысын қорғайтын ұжымдардың бірі былтырғы жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегерлері – түркістандық «Томирис-Тұран» болмақ. Аталған клуб өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыстық футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиевтің бастамасымен құрылған болатын. «Томирис-Тұран» Ел біріншілігінде шымкенттік «Биік» командасынан кейін 2-орынға жайғасқан «Томирис-Тұран» 20 ойын қорытындысы бойынша 42 ұпаймен маусымды қорытындылаған болатын. Тартысқа толы матчтарда түркістандық клуб жүзге жуық гол салып, 14 кездесуде қарсыластан басым түскен.


Естеріңізге сала кетейік, футболсүйер қауым асыға күтетін әйелдер арасындағы УЕФА «Чемпиондар лигасы» 2021 жылдан бастап жаңа формат бойынша өтуде. Дәлірек айтсақ, кәрі құрлықтың үздік клубтары «Чемпиондар жолы» және «Лига жолы» атты топтарға бөлініп, бірінші айналымда бақ сынаспақ. Егер қазақстандық екі клуб алғашқы турдан сәтті өтсе, жұптық бәсекеге жолдама алатын болады. Жұптық жарыста клубтар өз алаңында және қонақта ойын өткізеді. Әлемдік деңгейдегі доп додасында өнер көрсететін аяқдопшы аруларымыз жаңа маусымда да жарқын жеңістермен қуантатынына сенім мол.
Дәурен ТІЛЕУХАН.

Алдыңғы пост

Дикий Арманның қылмыстық тобына қатысты тың дерек пайда болды

Келесі жаңалық

Адвокат: «Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша іздеуде жүрген нигериялық ұсталды»

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі