Thursday, December 26

Шымкенттік дәрігер білімі мен біліктілігін ана мен бала денсаулығына арнаған

0
136
Шымкенттік педиатр-дәрігер Ләззат Құрбанова қалалық №6 емханада 25 жылдан бері педиатр саласында еңбек етіп келеді. Ол – «Педиатрия» мамандығы бойынша жоғары дәрежелі, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бірінші дәрежелі дәрігер, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ләззат Нұрматқызы – Ташкент қаласының Педиатрия медицина институтын бітірген. Білікті маман қазіргі уақытта қаладағы №6 емхананың жалпы тәжірибелі дәрігерлерінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.
Білім мен біліктілігін ана мен бала денсаулығына арнаған дәрігердің кәсібилігіне ризашылығын білдірген шымкенттік ата-аналар да аз емес. Қаншама азаматтың алғысына бөленген маманның еңбегі ерен. Ең бастысы өз мамандығын сүйетін азаматша, қызметін аса жауапкершілікпен атқарады.
Бүгінгі күні «Әрбір сәбидің бақыты – еліміздің жарқын болашағы» деген педиатр-дәрігер «БДОР» бағдарламасы бойынша күніне 12-13 ана мен балаға кеңес беріп жүр. Ләззат Құрбанова 2017 жылы «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.

Leave a reply