Қонаев даңғылындағы жолайрық көлік қарқындылығын үш есеге ұлғайтады

0
145

Шымкент жолдарында көлік кептелістерін болдырмау мақсатында 4 жолайрықтың құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінде екі жолайрықтың яғни, Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылының қиылысында жолайрық пен Бәйдібек би даңғылы- Арғынбеков-Назарбеков көшелері- Н.Назарбаев даңғылының қиылысында жолайрық құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 28,7 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағыжолайрық құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады. Жалпы жоспар бойынша жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Осы жылы Рысқұлов көшесі мен Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталған кезде көлік қарқындылығы 15000 көлік/тәулігінен 45000 көлік/тәулігіне ұлғаяды.

Ал, Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жолайрық пен Жібек жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы екі жолайрықтың бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Leave a reply