Thursday, November 21

Австралияның 111 жастағы ең қарт тұрғыны ұзақ өмір сүруінің сырымен бөлісті

0
163

Австралияның 111 жастағы ең қарт тұрғыны Катерина ван дер Линден 26 тамыз күні кезекті туған күнін атап өтіп, ұзақ өмір сүрудің сырымен бөлісті. Бұл туралы Infonews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кейуана 1912 жылы Нидерландыда дүниеге келіп, 1955 жылы Австралияға қоныс аударған. Төрт баласы, он немере және он бес шөбересі бар. 111 жастағы қарт ана жүзім теруші, машинистка және медбикенің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Ван дер Линден ұзақ өмір сүруінің басты себебі ретінде белсенді өмір салтын атады. Кейуана аптасына бірнеше рет жаттығу залына барады және ұзақ серуендейді. Оның күнделікті жасайтын бұл әдетіне қарттарға арналған интернат үйіндегілер де таңданыспен қарайтынын жеткізді.

“111 жасында оның соншалықты белсенді, ізденгіш және айналада болып жатқан нәрселерге қызыға қарайтыны  таңқаларлық”, – деді интернат менеджері Кэтрин Виллоуби.

Сондай-ақ менеджер басқа қариялардың ван дер Линденге еліктей бастағанын атап өтті.

Қазір Катерина ван дер Линден Австралияның ең қарт тұрғыны ғана емес, планетадағы ең қарт голландиялық әйел. Тұңғыш қызы олардың отбасында ғасыр жасаған адамның болмағанын, бірақ анасының нағашы әжесі 110 жасқа дейін өмір сүргенін айтты.

Ван дер Линден ұзақ өмір сүру үшін спортпен қатар “өзіңе және өмірдің саған бергеніне қанағат ету керек” дейді.

Leave a reply