Агроөнеркәсіптік кешені бөлімі өткен жылы қандай жұмыстар атқарды?

0
143

Агроөнеркәсіп кешені бөліміне 2022 жылы 68 өтініш келіп түскен, оның ішінде 65 өтініш оң шешімін тапқан. «Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі Комитетінің» кезекті отырысы өткізіліп, 12 мәселе көтеріліп, оның оны шешімін тапқан.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес арнайы комиссияның субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушінің инфрақұрылымына қорытынды алу бойынша 30 өтініш келіп түсті. Аталған шаруашылықтарды салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша арнайы құрылған комиссия 28 кәсіпкерге оң қорытынды беріп, 2 өтінішке заң талаптарына сәйкес келмегендіктен теріс қорытынды берілген.

Сонымен қатар, сала мамандарының айтуынша көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген дизель отынының таратылуы бойынша шаруаларға барлығы 196 000 тонна жеңілдетілген дизель отыны таратылған.

Көктемгі дала жұмыстарына 47,9 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны (жақын аудандарға 193 теңгеден, алыс аудандарға 195 теңгеден), күзгі дала жұмыстарына 48 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны таратылғанын айтуда (жақын аудандарға 200 теңгеден, алыс аудандарға 202 теңгеден).

Инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау бойынша 6,3 млрд. Мал шаруашылығы өнімділігінің сапасын жақсартуды субсидиялауға 8,1 млрд, өсімдік шаруашылығында тыңайтқыштарды субсидиялауға 6,1 млрд қаражат бөлініп толығымен игерілді.

Палатаға келіп түскен «Бейбарыс-Б» ЖШС-ның өтініші бойынша шет елдерге ірі-қара мал, уақ мал терісін экспортқа шығаруда ветеринариялық қадағалау департаментінен асколизация зерттеуінен өтуі тиіс болған. Алайда, бұл зерттеуді іске асыру үшін арнайы сарысу (сывортка) қажет. Сарысу тапшылығы кесірінен мал терілері асколизация зерттеуінен өте алмаған. Мәселені шешу үшін «Агроөнеркәсіп кешені» бөлімінің эксперттері Ауыл шаруашылық министрлігімен бірлесіп Ресей Федерациясынан сарысу алдыртып, мәселе оң шешімін тапқан.

Leave a reply