АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ КӨШ БАСТАП КЕЛЕДІ
Биылғы I тоқсанда Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі капиталына 11 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе, тамақ өнеркәсібіне 2,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,8 есе артты. Қазіргі күнге дейін құны 3,8 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба жүзеге асырылды.
Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде отандық нарықты жергілікті өнімдермен толықтыру мақсатында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары қолға алынды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында жаңа жобалар жан-жақты зерделеніп, жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, 2024 – 2026 жылдары жалпы құны 507,3 миллиард теңгені құрайтын 105 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Халықты тұрақты жұмыспен қамту туралы Үкіметтің тапсырмасын жүзеге асыру барысында жаңадан 8300 жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 2024 жылы жалпы құны 114,2 миллиард теңгені құрайтын 45 жобаны жүзеге асыру көзделген. Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы агроөнеркәсіптік кешенді дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Биыл Түркістан облысында 4 тоқыма, тігін және 6 жүн, тері өңдеу кәсіпорындары ашылады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі. Қосымша 93 гектарға жылыжайлар салу жоспарланды. Су үнемдеу технологиялары ендірілген алқапты 39,2 мың гектарға жеткізу, жаңадан 665 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызылады. Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тн. арттыру, 1346 бірлік а/ш техникаларын алу жоспарланды. Жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаға жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындары ашылады. 1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңы, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасы іске қосылады. 4 ірі құс фермасы мен жалпы 270 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу көзделген.