Адвокат: «Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша іздеуде жүрген нигериялық ұсталды»

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша күдікке ілінген Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы қазақстандықтың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады, деп жазады Infonews.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
— «Алдын ала мәлімет бойынша 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне «Джонни» шет мемлекеттің аумағында ұсталды», — деп хабарлады адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.