“Азат” мөлтек ауданының инфрақұрылым мәселелері бойынша жиын өтті
Бүгін қала әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиал төрағасы Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына орай, «Азат» мөлтек ауданындағы инфрақұрылым мәселелерімен фракция жетекшісі ретінде арнайы танысып қайттым.
Жергілікті тұрғындармен кездесуге «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Әліқұлов және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Жаңабаев, сонымен қатар Шымкент қаласының энергетика, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары мен мердігер компаниялардың басшылары қатысты.
Жиында «Азат» мөлтек аудандағы инфрақұрылым мәселесі ортаға салынып, алдағы уақытта өз шешімін табатыны сөз болды.
Атап айтсақ, ауызсу, электр энергиясы мәселесі бүгінде өз шешімін тапқан. Жол мәселесі осы айдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда, 29 тұрғын үй құжаттарының 18-і оң шешімін тапқан. Алдағы уақытта аталған мәселелер партиялық бақылау комиссиясының толық бақылауында болмақ.
Кездесу соңында барлық тұрғындар қалалық филиал төрағасы, қала әкіміне өз алғыстарын білдіріп, жұмыстардың сапалы орындалуына және уақытылы аяқталуына тілектестіктерін білдірді.