Thursday, November 21

АЙТЖАНОВ МЕКТЕБІНІҢ АЙТАРЫ БАР АҚЫНЫН АРДАҚТАҒАН ЕЛ ОЗАДЫ

0
110

Жасы ғасырға жақындаған Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі 1928 жылдан бастап жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беріп келеді. 1929 жылы М.В.Фрунзе атындағы бастауыш мектеп болып аталды. 1931-1932 оқу жылы бес кластың оқушы саны 150-ге жетті. Ұзамай жеті жылдық мектепке айналды. 1939 жылы орталығы Шорнақ селосы болып Фрунзе ауданы құрылды. Аудан құрылуына байланысты қазақ -өзбек аралас орта мектепке айналды. Сол жылдардағы оқушы саны 320-ға жетті. 1959-1961 жылы селода жаңадан №5 мектеп-интернаты ашылуына байланысты мектеп М.Горький елді мекеніне көшірілді. 2007 жылдан бастап бұл Аша елді мекені болып аталды. Осы елді мекенге ыңғайластырылып 1951 жылы мектеп салынды. Алғашқы 4 жыл бастауыш, содан соң 7 жылдық, 1960 жылы қайтадан М.В. Фрунзе орта мектебі болып аталды. Белгілі ғалым, «Үзілмеген үміт» кітабының авторы, ақын Тұрсынхан Айтжанов мақсат, мұраты және ауылы жайлы былай деп толғайды.
Оқыдым Мәскеу бардым, Париж бардым,
Шамамның келгенінше білім алдым.
Бірінші диссертация қорғап алдым,
Сөзімді тағы бұрдым Түркістанға,
Жеріме өсіп-өнген Гүлстанға.
Келеді мақтай бергім сөзім жетсе,
Мақтар едім жарасам ұзақ таңға…
Туған жерім Атаның сайы екен.
Бұрынғы ата жұрттың жайы екен.
Ағайын, туыс, жекжат бәрі сыйған,
Болыпты малға жайлы көркем мекен.
Алғыс айтам Фрунзе мектебіне(Т.Айтжанов мектебі)
Куәсі ол табысқа жеткеніме,
Өзімнің жер жетпейді Шорнағыма!
Міне осылайша, Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2001 жылы 24 шілдеде № 1000 қаулысымен Шорнақ ауылдық округіндегі бұрынғы Фрунзе мектебіне Тұрсынхан Айтжанов есімі берілді.
Айтжанов Тұрсынхан Айтжанұлы 1933 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Фрунзе ауданы, Аша ауылында өмірге келген. Алматы шетел тілдері педагогикалық институтының үздік студенті атанды. 1955 жылы институтты үздік бітіріп, ауылға оралды. Жас ұстазға сол жылы Астанадан шақырту келіп, Алматыға аттанды. Мәскеу қаласында диссертация қорғады. Лингвист – ғалым тынбай ізденудің арқасында Франция мемлекетінің ғалымдарына берілетін «Академиялық пальма» орденінің Қазақстан бойынша тұңғыш иегері атанды. Айтжанов Тұрсынхан Айтжанұлы өмірінің соңғы минутына дейін жастарды тәрбиелеуде, ғылым жолын меңгертуде тынбай еңбек етті.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ БАСШЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Ғасырға жуық уақытта білім ордасына басшылық жасаған директорлардың саны 26-ға жеткен екен. Қазіргі таңда мектеп директоры Қанат Тасболатұлы Байтишев 1989 жылдың 26 ақпанында Қызылорда облысында дүниеге келіп, қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғыны. 2007 – 2011 жылдары Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Тарих – педагогика факультетінің «педагогика – психология» мамандығын және 2015 – 2017 жылдары Академиялық-инновациалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жалпы педагогикалық өтілі 11 жыл, педагог-сарапшы үшінші деңгейлі басшы лауазымы санатында. 2013-2019 жылдары Түркістан қаласы, Оранғай ауыл округіндегі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде педагог – психолог қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді – мекенінде орналасқан «Қызыл Әскер» жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2021-2022 жылдары аталған Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шорнақ ауыл округі, Қосмезгіл елді – мекенінде орналасқан «Қызыл Әскер» жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдың қазан айынан бастап, Сауран ауданының білім бөліміне қарасты «Т.Айтжанов» атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры қызметін атқарып келеді.

ІЗДЕНГЕН ЖЕТЕР МҰРАТҚА
Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектеп типті 300 орынға арналған. Қазіргі таңда екі ауысымда 800-ге жуық оқушы білім нәрімен сусындауда. Сынып кешені 42-ге жеткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, өзбек тілі мен әдебиеті, тарих, география, химия, биология, физика, информатика, мультимедия бөлмелері жасақталған. Оның ішінде оқу кабинеттері 19 болса, шеберхана, кітапхана, асхана, медициналық бөлмелері де бар. 2022-2023 оқу жылында 37 оқушы мектеп бітірді. Үш оқушы «Алтын белгі» белгісіне ие болды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 26 оқушы қатысып, 21оқушы жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды. 2022-2023 оқу жылында мұғалімдер мен оқушылар біршама жетістіктерге қол жеткізді. Мұғалімдердің пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне 11мұғалім қатысып, 9 мұғалім жүлделі орындарға ие болды. Математика пәнінің мұғалімі Аймурзаев Заңғар «Білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген «Математикалық регата» облыстық олимпиадасында шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, жүлделі ІІорынға ие болды.
Математика пән мұғалімі Аймурзаев Заңғар «Қазақстанның математика пән мұғалімдері қауымдастығы» ұйымдастырған аймақтық шығармашылық байқауға қатысып, жүлделі І орынға ие болып, Дипломмен марапатталды.
Пән мұғалімдерінің аудандық кезеңінде озық идеясы және шығармашылық ізденістерімен ерекшеленіп, жүлделі І орынға ие болып, олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орынға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ильясова Жұмакүл пән мұғалімдері олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі І орынға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Айтимбетова Фариза Сауран аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп кітапханашысы Ахметова Жанар педагогикалық қызмет жолында жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде шығармашылық іс –әрекетке баулуда белсенділігімен ерекшеленіп, Сауран ауданы білім бөлімінің «Үздік кітапханашысы» аталымына ие болып, білім бөлімінің «Мақтау қағазымен» марапатталды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Раманқұлова Марзия білім саласының дамуына, өскелең ұрпақтың рухани және зияткерлік деңгейін арттыруға қосқан үлесі үшін Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. «I Qanat білім беру қоры» ауыл оқушыларына арналған I Qanat Республикалық олимпиадасының 1-ші кезеңінде 38 оқушымыз олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында 8-11-сынып оқушылар арасында өткен лингвистикалық олимпиадасында 11-сынып оқушысы Серікбай Назгүл ІІ орынға, 9-сынып оқушысы Серікбай Жібек ІІІ орынға ие болды.
9-сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қ.Сатпаев атындағы республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Әмірбек Ақерке жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2-7-сыныптар арасында «Зерде» ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 4-сынып оқушылары Асан Гүлсезім, Қуаныш Жаннұр ағылшын тілі секциясы бойынша қатысып аудан көлемінде І орынға ие болып, облыс көлемінде «Алғыс хатпен» марапатталды. 5-6-сынып оқушылары арасында Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне тарих пәні бойынша 5-сынып оқушысы Оспан Әсем қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Қазақстан тарихы пәнінен Рахматуллаев Дилмухаммед қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жаратылыстану пәні бойынша 6-сынып оқушысы А.Алым қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-сынып оқушысы Оразбай Сырым қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-сынып оқушысы Азатылла Төребек қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 6-сынып оқушысы Раманқұл Жұлдыз қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 5-сынып оқушысы Сұлтанбай Әсел, 6-сынып оқушысы Жақсылық Заңғар қатысып, жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Ағылшын тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысы Серікбай Алия, 6-сынып оқушысы Аманбай Шадяна қатысып, жүлделі ІІ орындарға ие болды. Математика пәні бойынша 5-сынып оқушысы Абдукарим Фарангиз, 6-сынып оқушысы Өзбек Нұржан қатысып, жүлделі ІІ және ІІІ орындарға ие болды.
«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» байқауының аудандық кезеңіне 9-сынып оқушысы Серікбай Жібек қатысып, ІІІ орынға ие болды. «Менің шағын Отаным» байқауының аудандық кезеңіне 10-сынып оқушысы Розмет Фатима қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» байқауының аудандық кезеңіне 7-сынып оқушысы Орынбай Кәусар қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып, білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды. «Алтын қыран –ерекше дарын иесі» республикалық зияткерлік олимпиадасына 9-сынып оқушысы Қуаныш Ұлбосын қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып, Дипломмен марапатталды. «Алтын қыран –ерекше дарын иесі» республикалық зияткерлік олимпиадасына 4-сынып оқушысы Елібай Бекнұр Бекболұлы қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып, Дипломмен марапатталды. Математика пәнінен 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Рахматулла Дилмухаммед қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Математика пәнінен 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Әлібек Інжу қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Математика пәнінен 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 6-сынып оқушысы Әмірхан Алихан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Математика пәнінен 5-6-сынып оқушылары арасында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде 5-сынып оқушысы Оразбай Сырым қатысып, жүлделі І орынға ие болды. 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу» бағыты 11-сынып оқушысы Серікбай Назгүл І орынға ие болып, білім бөлімінің «Мақтау қағазымен» марапатталды. ІX республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінің «Талаптың мінген тұлпарын» аталымымен 11-сынып оқушысы Серікбай Назгүл марапатталды. «Балалар әлемі» кітап оқу сайысының аудандық кезеңіне 10-сынып оқушысы Сұлтанбай Әлия қатысып жүлделі ІІ орынға ие болып, білім бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды. 2023-2024 оқу 35 оқушы мектеп бітіреді. «Алтын белгі» белгісіне үміткер 3 оқушы бар. Бітіруші 35 түлектің 26-сы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу пайызы -74. Білім ордасында 109 мұғалім болса, олардың екеуі педагог шебер, 17 мұғалім педагог зерттеуші, 41-і педагог сарапшы, 26 мұғалім педагог модератор. Қазіргі таңда мектепте 6 жас маман жұмыс жасайды. Жас мамандарға тәлімгер мұғалімдер бекітіліп, ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДАН ОЗА ШАБУДА
Қазіргі таңда Тұрсынхан Айтжанов мектебінде жартылай жетім балалар саны- 26, көп балалы отбасындағы балалар саны -493. Олардың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар саны -37 болса, аз қамтылған отбасындағы балалар саны- 79. Үйде оқытылатын балалар саны -14. Ыстық тамақпен қамтылған балалар саны – 286.
Биылғы оқу жылының І жартыжылдығында мұғалімдердің жетістіктері ерекше болып отыр. Ағылшын тілі пән мұғалімі Раманқұлова Марзия Облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Ағылшын тілі пән мұғалімі Ахметова Шахноза Сауран аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Математика пәнінің мұғалімі Аймурзаев Заңғар облыстық білім беруді дамыту орталығының Алғыс хатымен марапатталды.
Өзбекәлі Жәнібеков конференциясында «М.Әуезов шығармаларындағы салт –дәстүр» тақырыбында мақала дайындап, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қарабаева Василя Алғыс хатпен марапатталды. «Мұқағали – ақиық ақын» тақырыбында мақала дайындап, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Сапарова Гүлзира Алғыс хатпен марапатталды. Өзбек тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Исмайлова Наргиза пән мұғалімдерінің облыстық кезеңіне қатысып, І орынға ие болды. Өзбек тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Рысбекова Нигораның «Білім беруді дамыту орталығы» 5,6,7,8-сыныптарға өзбек тілі мен әдебиеті пәндерінен ТЖБ тапсырмаларының жинағы» атты авторлық бағдарламасы жарық көрді.Мұғалімдер арасында өткізілген «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңіне бастауыш сынып мұғалімі Жиренбаева Гүлзат қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. «Педагогикалық идеялар фестивалі байқауының аудандық кезеңіне» бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Айгүл қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңінде информатика пән мұғалімі Жолдасбаева Гүлжан І орынға ие болды. Облыстық кезеңге қатысып, жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

ОҚУШЫЛАР СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДА ТОП ЖАРУДА
Тұрсынхан Айтжанов мектебінің оқушылары спорттық сайыстар бойынша үнемі топ жарып келеді. Мәселен, кросс жеңіл атлетикадан 9-11-сынып ұл-қыздарының командасы аудандық кезеңде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нарбаев Мереке. Футзал 7-8-сынып ұлдар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды.Жетекшісі Ергенбай Әділетберген. Асық ату бойынша 5-6-сынып оқушылары аудан көлемінде ІІІорынға ие болды. Жетекшісі Исаев Хурият. Асық ату бойынша 7-8-сынып оқушыларының ұлдар командасы аудан көлемінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нұрходжаев Бақытжан.
Бес асық бойынша 7-8-сынып оқушыларының қыздар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Нұрходжаев Бақытжан.
Тоғызқұмалақ бойынша 5-6-сынып оқушыларының ұлдар және қыздар командалары ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Ибрагимов Мұрат. Тоғызқұмалақ бойынша 9-11-сынып оқушыларының ұлдар, қыздар командалары аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Мырзалиев Маулен. Баскетбол бойынша 9-11-сынып оқушылары қыздар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Жиенбаев Ержан. Баскетбол бойынша 7-8-сынып оқушылары қыздар командасы аудан көлемінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Сапаров Дарын. Үстел теннисінен 5-6-сынып оқушыларының ұлдар және қыздар командасы аудан көлемінде ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Молдраманов Ерлан. Гандбол жарысынан 9-11-сынып оқушыларының қыздар командасы аудан көлемінде ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Абуталипов Ғұламжан. «Алтын сақа» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне 4-сынып оқушысы Саттарұлы Рамазан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

ПӘН ОЛИМПИДАЛАРЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
Тұрсынхан Айтжанов мектебінің ұстаздары мен оқушылары түрлі пәне олимпиадаларына үлкен белсенділікпен қатысып, түрлі жүлделерге ие болып жүр. Мәселен, «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңінен математикадан 11-сынып оқушысы Ержігіт Сұлтан қатысып, жүлделі І орынға ие болды. «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңінің математика пәні бойынша 10-сынып оқушысы Палмай Ерасыл қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Абубакир Ерасыл қатысып, ІІ орынға ие болды. «Алтын түлек» олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Мухамеджан Матлуба қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 5-сынып оқушысы Елібай Бекнұр қатысып, І орынға ие болды. «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне математика пәні бойынша 5-сынып оқушысы Әбдікәрім Кәусар қатысып, ІІІ орынға ие болды. Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 11-сынып оқушысы Әбдікерім Балнұр қатысып, ІІІ орынға ие болды. Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 10-сынып оқушысы Серікбай Жібек қатысып, ІІІ орынға ие болды.
Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9-сынып оқушысы Есенғали Лаура қатысып, ІІІ орынға ие болды. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан оқушы Серікбай Жібек ІІ орынға, Алмахан Ұлдана ІІІ орындарға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Сәден Жанерке қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қаржау Аянат қатысып, ІІІ орынға ие болды. «Ақберен» байқауына Өтеген Таңшолпан қатысып, ІІІ орынға ие болды. «Ақберен» байқауына 9-сынып оқушысы Ташпулатова Дилдора қатысып, ІІ орынға ие болды. «Махамбет оқулары» байқауына 11-сынып оқушысы Өтеген Азамат қатысып, ІІІ орынға ие болды. Лингвистикалық олимпиадаға 8-сынып оқушысы Әбдіқадыр Данат қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып оқушысы Арипжан Гаухар қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша 11-сынып оқушысы Розмет Патима қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10-сынып оқушысы Асан Лайло қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Ташпулат Дилдора қатысып, ІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне химия пәні бойынша 10-сынып оқушысы Омар Суғдияна қатысып, ІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне биология пәні бойынша 9-сынып оқушысы Мухамеджан Дияна қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне информатика пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қайрулла Мейіржан қатысып, ІІІ орынға ие болды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңіне информатика пәні бойынша 11-сынып оқушысы Өтеген Азамат қатысып, І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Оқушылардың пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде математика пәні 10-сынып оқушысы Палмай Ерасыл жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МАҚСАТТА 11 ЖОБА БАСТАЛДЫ
Тұрыснхан Айтжанов мектебіндегі оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылығын арттыру мақсатында білім ордасында 11 жоба қолға алынып, жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «Open Talks» (ашық әңгіме) жобасы. Open Talk ашық сұқбат жобасының мақсаты педгогтердің имиджін қалыптастыру, озық іс тәжірибелерімен бөлісу, оқу үдерісінде қолданылатын әдіс-тәсілдерін көрсету. «Зейін» жобасы. «Зейін» педагогикалық жобасының мақсаты 4,5-9 сынып оқушыларының қоғамда толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті білім мен біліктерінің және функционалдық сауаттылық деңгейлерінің қаншалықты жеткілікті екендігін анықтау, осы жетістіктерге жету үшін мектепте және мектептен тыс білім беру мүмкіндіктерінің әсерін бағалау. «Бес күнделік» жобасы. 5 күнделік жобасы оқушылардың күнделігін толтыру, бағаларын дер кезінде қойдыру, ата-анамен байланыс орнату бойынша жүргізіледі. Биылғы жылы бұл жоба бірінші рет мектепте сынақтан өткізіліп жатыр. «Әжемнің ертегісі» жобасы. «Әжемнің ертегісі» жобасының мақсаты – қазақ халық ертегілерін пайдалану арқылы балаларды туған өлкенің, мемлекеттің мәдениетімен таныстыру. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. «Жас журналист» жобасы. «Жас журналист» жобасы 9-11 сынып оқушылары Сауран ауданындағы мамандық таңдау бойынша жұмыс орындарымен танысу, сұрақ жауап арқылы мамандықтар бойынша толыққанды мәлімет алу. «Интеллектуалды ізденімпаз» жобасы.
«Жас оқырманә жобасы. Бұл оқуға құштар ұлт оқуға құштар мектеп аясында жасалынған. Оқушыларды кітап оқуға баулу, апталық, айлық, жылдық жеңімпаздарды шығару, 1 жылда 400 жуық кітаптар қорғалады және дәріптеледі. «Дода» жобасы, «BATTLE СТУДИЯ» жобасы. «Жасыл мектеп» (Құнарлы топырақ дайындау, Гүлдер алеясын жасау) жобасы басталды. «Speaking club» жобалары қызмет атқаруда. Алдағы уақыттардада жас ұрпаққа білім беру мен саналы тәрбие беруде Тұрсынхан Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы қазіргі жеткен жетістіктерімен тоқталып қалмақ емес. Ендеше, ұстаз бен шәкірт бастаған жобалардың жүзеге асырылуына ата-аналар да қоғамдық ұйымдар да белсене қатысуда.
Ләззат САРЫБАЕВА.

Leave a reply