Алматы облысында 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болды
Алматы облысында 4-сынып оқушысы дәрі ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Бұл дерек әлеуметтік желіде таралды.
Онда 10 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында №29 орта мектептің 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған.
“Бала өзіне қол жұмсамас бұрын қоштасу хатын жазып, бір қорап аспирин ішіп алған. Анасы баласын ауыр халде тапты” – делінген хабарламада.
Айтуынша, ананың 2013 жылы туған ұлы дәріден уланған.
“11 қыркүйекте Б есімді азаматша Талғар аудандық полиция басқармасына өзінің кәмелетке толмаған 2013 жылы туған ұлының дәрі ішіп, уланғаны туралы арызданған. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында тіркелді. Тексеру барысында кәмелетке толмаған бала үйінде 10-ға жуық таблетка, болжам бойынша «ацетилсалицил қышқылын» ішкені анықталды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады”, – деп түсіндірді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.