АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ӘР САЛА БОЙЫНША АТҚАРЫЛУ КЕРЕК МӘСЕЛЕЛЕР ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, ауыл тазалығы мен басқа да әлеуметтік-экономикалық салалар бойынша атқарылуға тиіс мәселелер жан-жақты талқыланды. Мәжіліске аудан әкімінің салалық орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы бойынша аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов хабарлама жасады. Аудан басшысы аталған мәселелер бойынша нақты қадамдар мен алдағы жоспарларды талқылап, жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеді.
Келесі мәселеде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғани Пәрдебекұлы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының барысы туралы баяндады. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Бекзат Мыңжасаров ауылдар мен елді мекендердің тазалығына қатысты өз баяндамасын ұсынды.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы күн тәртібенде қаралған мәселелер бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға кемшіліктерді жоюды және әрбір ауылда жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұған қоса әр сала бойынша атқарылатын жұмыстар пысықталып, нақты міндеттер белгіленді.