АРЫС: ЕРІКТІ ЖАСТАР “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АЯСЫНДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ АУЛАСЫН ТАЗАРТТЫ

0
139

Түркстан облысы, Арыс қаласы, «Ішкі саясат бөлімі» ММ «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен ОАОО-ның ерікті жастары еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, әлеуметтік көмек көрсетуде. «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында еріктілер қарттардың үй ауласын тазалап, алғыстарын алып жүр.
Қала жастарынан құралған еріктілер Арыстық тұрғын, Тилеубергенова Дариха ананың үйіне барып, аула жұмыстарына жәрдем етті. Анамыздың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алған қала жастары үй ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қораны шөптен тазартып, күл-қоқыстарын шығарып қолғабыс етті. Дария көңілді қариялар үйіне көмекке келген жастарға ақ батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
«Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің» дегенді нық ұстанған жастар «мақсатымыз — азаматтарды сауапты істерге тарта отырып, ізгілікті насихаттау» дейді.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экоакциясы басталды. Игі акция аясында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен қалаға кіреберіс Арыс өзені жанындағы 0,65 га аумаққа жеміс ағаштары отырғызылған болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде көктемде отырғызылған жеміс бауын түлетуге «Жасыл Арыс» КММ-нің мамандары бел шешіне кірісті.

Көшеттерді тұрақты түрде тіршілік нәрімен қамтамасыз етуге 400 текше метрді құрайтын арнайы бассейн мен екі дана су айдау моторы орнатылды. Суды үнемдеу әрі өнімділікті қамтамасыз ету үшін әр көшеттің түбіне тамшылатып суғару жүйесі ендірілген. Жанында орналасқан өзен суынан қоректенуі де жеміс ағаштарының тез бой алып, өнуіне де септігін тигізбек.

Бүгінде мұнда алма, өрік, шабдалы, жаңғақ, тұт, жиде секілді жеміс ағаштары тамыр жайып, жасыл жапыраққа боялған. Жемі бауы тұрақты күтімнің арқасында алдағы уақытта тұрғындарға әрі сая әрі жеміс болар демалыс аймағына айналары сөзсіз.

Leave a reply