«Асыл жүрек» орталығы 65 жастан асқан зейнеткерлерге қызмет көрсетеді

0
133
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы зейнеткерлерді салауатты өмір сүруге шақырып, өмірге деген құштарлықтарын арттыруда.
«Орталығымызға алпыс бес жастан асқан қала тұрғындарын қабылдаймыз. Келемін деушілерге ешқандайда шектеу жоқ. Қызмет алушылар алғашқы орталыққа келгенде міндетті түрде дәрігерлік тексеруден (терапевт, кардиолог, невропатолог және физиотерапевт қабылдауынан) өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып йогамен айналысады. Йога иммунитетті қалыпқа келтіруге жақсы көмектеседі. Оның мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Сонымен қатар массаж, физиотерапия, фитобар, тұзды кеніші және өзге де қызмет түрлерін көрсете аламыз» -деді орталық басшысы Мауия Сахибекқызы.
Айта кетейік, Шымкент қаласында сексен бір мың екі жүз қырық бір зейнеткер бар. «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жайында толық ақпаратты 8(7252) 53-02-08 номеріне хабарласу арқылы ала аласыздар!

Leave a reply