Пятница, 18 июля

АСҚАҚ ЖЫРДЫҢ АРДАҒЫ МӘҢГІЛІК САПАРҒА АТТАНДЫ…

0
16
Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платина Тарланы» сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Исраил Сапарбай қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті қаламгер ретінде бірқатар әдеби жыр жинақтарымен әдебиет сүйер қауымның жүрегінен орын алды. Оның алғашқы жинақтары – «Аққу арман» (1976), «Раушан ғұмыр» (1978), «Бозқараған» (1980), «Қызыл-жасыл дүние» (1984), «Жүрегіме ұя салған қарлығаш» (1986), «Қызыл жел» (1998) сынды кітаптары еліміздің ірі баспаларында жарық көріп, қазақ лирикасының дамуына зор үлес қосты. Ақын махаббат пен сағыныш, табиғат пен тіршілік, адам жанының тылсым иірімдерін терең бейнелеген «Ғашықтың тілі», «Бармақтай бақ», «Махаббат пен Ғадауат», секілді жинақтарымен де оқырманның ыстық ықыласына бөленді. Оның бұл еңбектері шынайылық пен сыршылдыққа, ұлттық болмыс пен көркемдік биікке ұласқан асыл мұралар қатарынан орын алады.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады!

Leave a reply