Thursday, November 14

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ

0
22

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан аумағындағы барлық мектеп басшыларының, тәрбие жөніндегі орынбасарларының және психологтардың қатысуымен құқықтық кеңес беру бағытында кездесу ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан аудан прокуроры Даулет Тлемисов, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және Сайрам Ауданының Полиция Басқармасының басшысы Мұрат Ермеков ағарту саласы қызметкерлеріне тәрбие мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз сөздерінде, жеткіншектерді тура жолдан тайдырмай, олардың бойларын құқықбұзушылықтан аулақ ұстауда ұстаздардың да жауапкершілік жүгі жоғары екенін жеткізді. Бұдан бөлек, балалардың сабақ барысын бақылап, бос уақытын тиімді пайдалануына, әлеуметтік желілер мен ұялы телефондарды қолдануын ұдайы бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын жауапкершілік түрлерін түсіндірді.
Тәлім мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен талқыланатын мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Leave a reply