«АУЫЛ АМАНАТЫ»: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 165 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛҒАН
Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ел тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіп¬сіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байла¬нысты мәселелерді шешу мақса¬тында жобаланып, жүзеге асыры¬лып жатқан «Ауыл аманаты» мем¬ле¬кет¬тік бағдарламасына барша бұ¬қа¬ра қатты мүдделілік танытып отыр.
Айта кеткен жөн, «Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Өткен жылы жаңа бағдарламаны ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. «AMANAT» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік өңірді аралап шығып, елді мекендердің 250 мыңнан астам тұрғынына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды. Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды. Бапталған бағдарламаның басты шарттарымен тыңғылықты таныстыру және бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға шолу жасау мақсатында жүргізілген жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсіптерін ашуға немесе бұрынғы ісін кеңейтуге қа¬жет¬ті түрлі ақпараттарға молынан қанықты.
«Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. Бағдарлама 2023-2025 жылдарға арналған, несиелер биылғы жылдан бастап беріле бастады. Жоба аясында қандай жеңілдік¬тер қарастырылған? Бағдарлама бо¬йынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сон¬дай-ақ техниканы лизингке рәсімдеу¬ге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие/шағын несие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша – 7 жылға дейін. Несиенің, шағын несиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңна¬ма бойынша айқындалады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Мұндай несиенің халыққа пайдалы екендігі сөзсіз. Мәселен, ауыл тұрғындарының бүгінде бірде-бір коммерциялық банк¬тен мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие – өте тиімді. Ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін аталған жоба – үлкен мүмкіндік. Тағы бір айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» аясында несие алған азаматтарға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша 1,5-2 жыл жеңілдік кезеңі де қарастырылған.
Ордабасы ауданы Шұбар ауылындағы «Тоғжан» мал бордақылау алаңының келешегі кемел. Жеке кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық несиемен 7,5 млн теңге қаржы алған. Бүгінде орталықта 16 бас мал бордақыланып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпкер бал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Жалпы аудан бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 4 ауылдық округ енгілген. Биыл 17 сәуір айынан бастап несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарынан құжаттар қабылданып, бүгінгі таңда 1 млрд. 753 млн теңге құрайтын 337 жобаға өтініш түскен. Оның ішінде 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданып, жалпы соммасы 1 млрд 43 млн теңгеге 165 жоба қаржыландырылған.
Сонымен қатар Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округі, Тоқсансай елді мекенінің тұрғыны Ұлжалғас Аманбекова «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз кәсібін ашқан. Бастапқыда ірі қара мал басын бордақылау бағытында 8,6 млн теңге несие алуға мүлкін кепілге қойып, өтінім жолдаған. Нәтижесінде комиссияның оң шешімін алған. Кәсіпкер несие қаржысына Жамбыл облысынан 23 бас ірі қара мал әкеліп, шаруашылығын бастаған. Алдағы уақытта ірі қара мал басын бордақылап, ет өнімдерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Шұбар ауыл округі бойынша «Шұбар-1» АӨК-ке 92 азамат несие алуға тіркелген. Олар түрлі бағыт бойынша несие алуға өтініш берген. Оның ішінде мал бордақылаумен айналысуға – 82, құс шаруашылығына – 1, балық шаруашылығына – 5, өсімдік шаруашылығына – 3, омарташылыққа (бал арасын өсіру) – 1 және өз кәсібін ашуға бағыты бойынша 4 азамат несие алуға ниет білдірген. Бүгінде 72 азаматтың жобасы облыстық комиссия қарауынан өтіп, 60 жоба қаржыландырылған. Оның 56-ы – мал бордақылау, 2 жоба – өсімдік шаруашылығы, 2-і – өзге бағыт бойынша.
Осы орайда мал бордақылау саласы бойынша ақпараттарды оқырман назарына ұсынамыз. Бордақылау дегеніміз — малды сапалы ет пен майды көп алу үшін сояр алдында жемге байлап қолдан семірту. Бордақылау мерзімінің ұзақтығы түліктің түріне, малдың жасына, бастапқы салмағы мен қоңдылығына байланысты. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сарапшылары бұл көрсеткішті өңірлерде енді аяқтан тұрып келе жатқан кәсіпкер-фермерлер үшін үлкен кедергі деп таныған. Сол үшін аталған қағидаға түзету енгізіп, «Мал бордақылауға арналған объектілерді құру және кеңейту» жобасының № 5 паспортына ірі қара малды біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін, қойды да біржолғы күтіп-бағу 500 басқа дейін азайту жолымен» кәсіпкердің инвестициялық шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қажет деген нұсқау беріп отыр. Ересек ірі қараны, негізінен жасы жетіп жарамсыз деп табылған сиырды бордақылау бастапқы күйіне қарай 2 — 3 айға созылады. Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 —14 айлық тайыншаларды Бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен Бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы Бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 — 13 айлығында 380 — 400 кг-ға, 16 — 18 айлығында 450 — 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды. Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басында жайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы Бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Соғымға белгіленген сақа жылқыны қысқа мерзімде жедел, қоңы орташаларын 35 — 45 күн, қоңы төмендерін 50 — 60 күн бордақылайды. Бұл кезде жылқы тәулігіне орта есеппен 1 — 1,5 кг үстеме салмақ қосады. Мал Бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан, азық шығыны көп жұмсалады. Мысалы, еркек бұзауға тәулігіне орта есеппен 1 кг салмақ қосу үшін 6 — 9 айлығында 7 — 7,5 кг, 9 — 12 айлығында 8 — 9 кг, 12 — 15 айлығында 9 — 10 кг, ал 15 — 18 айлығында 10,5 — 11,5 кг азық өлшемі жұмсалады. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан Бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.
Бордақылау кезеңінде сиыр тәулігіне 800 — 1000 г үстеме салмақ қосып тірілей салм. 18 — 20%, сойыс салм. 40%-ке артады, етінің сапасы да жақсарады. 12 —14 айлық тайыншаларды Бордақылау 3 — 4 айға созылады. Бордақылау маусымында жас малдың салмағы 1,5 есе, еті мен майы 2 есе, етінің калориясы 3 есе артады. Етке өткізетін еркек бұзауларды өсіру мен бордақылау процестерін толассыз өзара ұштастыру арқылы бордақылау соңында тайыншаның салмағын 12 — 13 айлығында 380 — 400 кг-ға, 16 — 18 айлығында 450 — 500 кг-ға жеткізуге болады. Бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, ірі қара тәулігіне кемінде 1 кг салмақ қосады. Шошқа жасына қарай ет немесе май алу үшін бордақыланады. Шошқа етін өндіру үшін салмақ 25 — 30 кг 3 айлық торайларды 6,5 — 7,5 айлығында 100 — 120 кг-ға жеткенге дейін бордақылайды. Бордақылау қой өсіруде де жиі қолданылады. Қозыны 4,5 — 5 айлығынан бастап салм. 40 — 60 кг-ға жеткенше бордақылайды. Биязы жүнді қойдың қозысын 8 — 8,5 айлығына, биязылау және қылшық жүнді тегене құйрықты қойлардың қозысын 7 — 7,5 айлығына дейін, етке соятын саулық, қошқар, ісектерді басында жайылымда семіртіп, кейін 1 — 1,5 ай қолда жемдеп бордақылайды. Арнайы қой Бордақылау кешендерінде қозы бордақылау 4 — 4,5 айлығынан 13 — 14 айлығына дейін жүргізіліп, салм. 55 — 65 кг-ға жеткізіледі, алдын ала (1,5 — 2 ай бұрын) қырыққаннан кейін етке өткізіледі. Соғымға белгіленген сақа жылқыны қысқа мерзімде жедел, қоңы орташаларын 35 — 45 күн, қоңы төмендерін 50 — 60 күн бордақылайды. Бұл кезде жылқы тәулігіне орта есеппен 1 — 1,5 кг үстеме салмақ қосады. Мал бордақылаудың тиімділігін арттыру үшін түліктің барлық түрлеріне ортақ өсіп-даму заңдылықтары басшылыққа алыну керек. Жас малды бордақылағанда алғашқы кезде оның салмағы ет пен сүйегінің толысуына байланысты жүреді де, үстеме салмаққа азық аз жұмсалады, ал одан кейінгі салмақтың артуы (өсуі) денедегі майдың түзілуіне байланысты болғандықтан, азық шығыны көп жұмсалады. Мысалы, еркек бұзауға тәулігіне орта есеппен 1 кг салмақ қосу үшін 6 — 9 айлығында 7 — 7,5 кг, 9 — 12 айлығында 8 — 9 кг, 12 — 15 айлығында 9 — 10 кг, ал 15 — 18 айлығында 10,5 — 11,5 кг азық өлшемі жұмсалады. Дені сау мал ғана тез қоң алып семіреді. Сондықтан бордақылауға қойылған мал бақылауда болуы қажет. Бордақылайтын табын құрамындағы малдың тұқымы, жасы, жынысы, салмағы, қоңы бірдей болғаны дұрыс.
Осы орайда мал бордақылау әдісі жайлы аз-кем ақпарат беріп өтуді ұйғардық. Қазіргі замандағы ең пайдалыда өнімі мол, әрі қиын бизнестің бірі бұл ауыл шаруашылығын дамыту. Ірі қара малды асырап, одан пайдалы өнім алу. Міне бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз ірі қара малды бордақылау жөнінде болады. Көпшілік білетін бір жылдық бұқашықтарды бордақылау тәсілдері өте көп. Бірақ соның ішіндегі ең тиімді бордақылау тәртібімен күнтізбесін алдыңызға ұсынамыз. Бордақылаудың негізгі тәртіптері. Бұқашықтардың бұлшық еттері мен салмағы тез артуы үшін, дұрыс тамақ жүйесін құрастыру қажет. Адам бұл кәсіпті бастамас бұрын өз алдына сұрақ қоюы тиіс, осы істі бастап аяғына дейін апаратынына сенімді болуы керек. Өйткені ірі қара басты бордақылау оңай істердің бірі емес. Басталған іс орта жолда қалып қойса, кеткен қаражат мал азығы босқа кеткенмен тең. Алдымен екі немесе бір басты бордақылап ұстап қарау қажет. Бірден он немесе жиырма бас ұстаса, физикалық және психологиялық тұрғыда қиынға соғуы мүмкін, одан кейін сол іске адамның құлшынысы ашылмай қалады.
Ең бірінші дұрыс бордақы күн тәртібін құру қажет. Оны қойын дәптер немесе арнайы журналға жазып отыру керек. Көпшілік фермерлер бір күнде үш мезгілдік күн тәртібін қолданады. Бұзау дүниеге келіп 60 күн аралығында анасының сүтімен, тары жармасымен және сапалы шөппен қамтылуы тиіс. Бұл яғни бұзаудың бойы өсуіне тез ықпал етеді. Уақыт өте 60 күн мен 90 аралығында салмақ жинайтын протеин азықтары берілуі тиіс. Көкөніс дақылдары мен қалдықтары, уақ бидай. 120 күннен кейін күніне аз-аздан сапалы шөптен үнемі салынып тұруы тиіс. Бұл болашақ бұқашықтардың салмақ жинауына көп септігін тигізеді. Осы аралықта олардың қарны ашпасада, тойып қалмауы тиіс. Осы күнге дейінгі іс тәжірибем бойынша жаңадан бордақылап жатқан адамдар бұқашықтардың тамақтандыру уақытынан жаңылысады. Айта кетерім қолда бар мал азық түлігін қолдану қажет. Мысалғы күзгі бау бақшада піспей қалған немесе қалдық көкөністерді саудагермен келісіп арзан бағаға сатып алу. Жем, ұнтақ бидай сиятқы мал азығын арзан бағаға іздеп жаз айында дайындап қою қажет. Бір күнге бұқашық 4-5 кг шөп, 4 кг көкөніс, бидай өнімдерін 2 кг жуық сіңіреді. Тағыда айта кетерім, бидай өнімдерін берген кезде (жем, уақ бидай тағы басқа) белгілі бір норманы және уақытты дұрыс пайдалану қажет. Мысалға алсақ су көп беріліп жем шөп аз берілсе, немесе жем көп беріліп су аз берілсе одан бұқашықтар салмақта жинамайды, нәтижеде көрінбейді. Бұқашықтар негізінде жемді жегенде тез сіңіріп, ыдысын тазалап бітіріп тастайды. Бірақ ол бұқашықтардың аш екенін білдірмейді. Егер қайта қайта нормадан тыс жем берілсе олардың тауы қайтып қалады. Екі үш күн жем жемей біраз әуреге салады. Сондықтан норманы сақтау керек.
Күнделікті адам өміріндегі азық түлік қалдықтарын осы бұқашықтарға беріп тұрса да болады. Мысалға алсақ: картоптың қабығын уақтап турап, өлшенген жемге араластырып беру қажет. Картопта крахмалдың құрамы өте көп. Бұзау кезінен өсіп келе жатырған немесе жарты жылдық бұқашықтардың жақсы өсуіне ықпал ету үшін әр түрлі мал азық қосындылары өте көп. Солардың бірі «Престартер» және «Суперпремикс». Яғни әр мал басына 150 грамм өлшеп беру қажет жәнеде малдың жасына қарай. Келесі кезекте «Антибиотиктер» «стрептомицин» және «пенициллин» бұлар бұзау немесе бұқашықтардың бойлары тез өсуіне және салмақ қосумен, тәбеті ашылуға жақсы. Соңғы кезең бұл яғни бордақылау уақыты. Ең алғашқы қар түсісімен немесе күн салқындағаннан бастап ұстауға болады. Тәулігіне 3 рет жем шөп және бір рет су мен қамтылуы тиіс. Вес қосып тәбеті ашылған уақыттан бастап күніне 4 мезгіл тамақтандыруға болады. Негізгі уақыттары: таңғы сегізде шөп салым, артынан жем беру, тұсқайта сағат 11:30 бен 12:30 аралығында ең бірінші су беру содан соң жем-шөбін салу. 16:30 бен 17:00 аралығында су беріп жем шөбін салу. Кешкі уақытта сағат 21:00 де жатарға жәй ғана құрғақ шөптен салып қою керек. Бұл яғни бордақылаудың бір түрі. Бордақылаудың қолайлы маусымын таңдауда маңызды екенін атап өтуіміз керек. Сиыр еті үшін оңтайлы қоршаған орта температурасы мал шаруашылығы 7-27 ℃, ал салыстырмалы ылғалдылық 65%-70%. Температураның шамадан тыс жоғарылауы етті ірі қара малының ыстық күйзелісін тудырады, бұл тек бордақылауға ғана емес, сонымен қатар етті ірі қара малдың денсаулығына зиянды. Сондықтан бордақылау маусымына арналған ең жақсы таңдау – температура 30 белоктан төмен болған кезде. Ыңғайлы температура етті малға жемшөп алуға және жемді пайдалануға ықпал етеді, сондай-ақ ірі қара мал азығының бағасын және эктопаразиттердің шабуылын төмендетуі мүмкін. масалар мен шыбындар ірі қараға және етті малдың физикалық энергиясын жоғалтуға, бұл бордақылауға пайдалы. Ірі қара мал өсіру – ауылдық жерде өз бизнесіңізді бастауға жақсы мүмкіндік. Ірі қара өсірумен айналысу үшін бұл бизнестің барлық қыр-сырын жақсылап зерттеп алу керек. Ауылшаруашылық бизнесте аталған саланың бірнеше бағыты бар: ет тұқымдастарын өсіру, сүт тұқымдастарын өсіру, ет-сүт тұқымдастарын өсіру, (аралас әдіс) сатуға арналған жас төлдерді өсіру. Аталған бизнес түрін бастағанда оның негізгі бағытын анықтау керек. (ол болашақ ферманың орны мен жағдайына байланысты). Бұдан кейін ферманың құрылысынан бастау керек. Ескі қараусыз қалған ферманың жабдығы жарайды. Алайда жақын маңда ондай ферма болмаса, (сиырға арналған орын) онда біраз еңбектеніп, белгіленген мақсатқа арналған ғимарат салуға рұқсат алу керек.
Қазақстанда кең тараған сүтті сиырдың түрі – далалық қызыл сиыр. Олар төзімділігі мен түрлі ауа-райына, табиғи климаттық жағдайларға шыдамдылығы арқасында кеңінен танымал. Дұрыс тамақтандырған жағдайда далалық қызыл сиырдың бұзауы тез өседі, орта есеппен тәулігіне 600-900 грамм қосып, 6 айда 160-180 кг салмақта болады. Далалық қызыл сиырды Қазақстанның оңтүстігінде далалық қуаң аймақтарда өсірген дұрыс.
Сиырдың ең көп тараған етті тұқымды түрі – қазақы ақбас сиырлар. Бұл тұқым түрі аптап ыстық пен аязға төзімділігімен, майды тез жинауымен ерекшеленеді. Бұл ірі қара көлемі жағынан үлкен емес, терең әрі кең төсті, дене бітімі жағынан жинақы, мықты сүйекті, жақсы дамыған бұлшық етті, кең денелі. Еттің дәмдік қасиеттері сапалы, ағылшын етті тұқым түрлерінен еш кем емес. Сиырлар жайылымдық-сиыр тұратын орында, жайылымдық немесе сиыр тұратын орында күтіледі.
Сиырды жаздық жайылымда бағу пайдалы сүт алуға мүмкіндік береді, мал денсаулығына жағымды әсер етеді, денеде өмірлік маңызды заттардың қорын қалыптастыруға жағдай жасайды. Жайылымдық бағуға малды біртіндеп, яғни бірнеше күн ішінде үйрету керек. Жайылымның ыңғайлы уақыты – таң сәріде және кешке. Күндіз ыстық күндері жануарды шатыры бар жел соғып тұратын биіктеу жерде орналасқан ашық қорада ұстау керек.
Сиырды қысқы қарауға көшіру үшін мал орнын жақсылап дайындау қажет. Тесіктерді бітеп, терезе мен есіктерді мықтап жабылатындай түзулеу керек. Есікті қосымша жылы қаптамамен немесе сабан матрацпен қаптайды. Әсіресе, төбені жақсылап бітеп алу керек. Сиыр тұратын орында оттықтар, қалқалар, тіреулер жөнделіп, дизенфекциялануы тиіс. Терезелер қораны желдету үшін ашылатындай болғаны дұрыс. Оларды мал басының деңгейінен биік шеткі жақа немесе артына орналастыру керек.
Мал тұратын орындардағы кір түрлі дене және басқа да ауруларды тудыруға, сүттің ластануына әкеп соқтырады. Сондықтан да, мал орнын күнде жинау, малды жуу, мал астына төсейтін құрылғыларды тазалықта ұстау – ірі қараның мықты денсаулығы мен жоғары сапалы сүт беруінің басты кепілі.
Жазда жайылымдағы шөп басты азық болады. Сиыр тәулігіне 60-70 кг. жақсы сапалы шөп жейді. Малды өсімдіктер гүлдегенге дейін жақсы өсіп тұрған шөпте жаю арқылы мол сауын алуға болады. Сыртқа жайылмайтын кезеңде негізгі азықты (тәулігіне 5-6 кг.) қатты жем құраса, сиыр құнарлы заттарға деген сұранысын толығымен қанағаттандыра алады. Қысқы уақытта шөп сиырлар үшін ең басты азық болып табылады. Сиырдың жағдайы және өнімділігі шөппен қаншалықты қамтамасыз етілуі мен берілген шөптің сапасына байланысты. Сиырларды азықтандыруда қызылша, қант қызылшасы, тарна, турнепс, сәбіз, картоп, алмұрт, асқабақ, жемдік қарбыз пайдаланылады. Бұларды сиырлар жақсы жейді, олардың тәбеті ашылып, тамақтың қорытылуы мен сіңуі жақсы қамтамасыз етіледі. Бұл өсімдіктер қосымша азық ретінде әсіресе, бұзаулаған сиырды алғашқы айларында сауу кезінде қолданылады.
ІҚМ жасы орташа есеппен 18-20 жылды құрайды. Сиырлар мен таналарды ұрықтандыру аңду кезінде жақсы жүзеге асады. Ол сиырдың бұзаулауынан кейін немесе тананың жыныстық жетілуі кезінде белгілі бір мерзімде қайталанып отырады. Аңдудың уақыты 18-20 сағат. Дені сау малда ұрықтанбайынша аңду кезеңі үш апта сайын болуы керек. Сиырдың буаздық мерзімі шамамен 285 күнге жалғасады.
Төлдеуге 2-3 апта қалғанда сиырдың төсі үлкейіп, іші төмендеп кетеді. Бұзаулау көбінесе қиындықсыз, әрі тез өтеді. Сиыр бұзауын міндетті түрде жалауы керек. Өйткені жаңа туған бұзауды жауып тұрған шу сұйықтығында гормондар бар. Ал олар толғақ қысу жолдарынан жолдасының түсуіне жәрдемдесіп, туудан кейінгі жатырдың өз қалпына келуіне септігін тигізеді.
Туғаннан кейін бұзауды қалың сабанды қабаты бар торға салады. Бұзау туған алғашқы күндері жақсы күтім талап етіледі. Күн сайын 2-3 рет тезегін шығарып, төсемесін ауыстырып, лас жерлерді жуады. Бұзауды жаңа сауылған сүтпен қоректендіру керек.
Сиыр жылына бір рет төлдейді. (Өте сирек жағдайда екі рет төлдеуі мүмкін). Бұзаудың салмағы түрі мен сиырдың қоректену жағдайына байланысты сиыр салмағының шамамен 7 %-ын құрайды, яғни 20-40 кг. ІҚМ өсуі мен дамуы 5 жылға созылады.
Өндіріс дұрыс жолға қойылғаннан кейін өнімді сату жағын да ойластыру керек. Сүт өндірісі болса, онда сүтті жаппай сатып алатын жергілікті сүт зауыттарына өткізе аласыз. Ал ет өндірісімен айналыссаңыз, онда жергілікті ет өндіретін комбинаттарға өткізіңіз. Екі жағдайда да сату жағынан ешқандай қиындық туындамау керек. Басты мақсат – дайын өнімдерді өткізуде баға белгілеу.
Етті малды бордақылауға қолайлы мезгіл – көктем мен күз. Етті ірі қараның күздің соңында сойылатын ең жақсы маусымы. Төмен температура Қыста ал жазда жоғары температура етті малдың семіруіне әсер етпейді. Егер біз етті ірі қара малын қыста және жазда бордақылауды таңдасақ, температураны етті етті бордақылауға ең қолайлы етіп баптау үшін жылудың алдын алу және суыққа төзімділік бойынша жақсы жұмыс жүргізуіміз керек.