”АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛДАР ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

0
88

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін сапасы жақсы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу керегін айтқан болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды маңызы бар жолдардың құрылыс барысын тұрақты бақылауға алған. Сауран ауданында аталған көрсеткішке жету үшін қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1260 шақырымды. 105 шақырым Республикалық маңызы бар жол болса, 325 шақырымы облыстық және 119,3 аудандық жол, елді мекендердегі жол 731 шақырымды құрайды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатқан жолдарды бақылады. Аталған жоба негізінде Майдантал ауыл округі, Қаражон елді мекеніндегі Төрткүл көшесі 1,2 шақырым, Ақсарай көшесі 1,9 шақырым, Құсшы ата көшесі 2,36 шақырым жөнделуде. Сонымен қатар, Ақсай көшесі 2,1 шақырым, Ынталы елді мекеніндегі Б.Момышұлы көшесі 2 шақырым, Т.Рысқұлов көшесі 2 шақырым және И. Жансүгіров 1 шақырымды құрайтын көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын «Altai building» ЖШС атқаруда. Бұл жұмыстан ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқталады.

Leave a reply