АЭС САЛУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
АЭС-тар отын импортына тәуелділікті азайта алады.Меншікті энергия көздерінің болуы елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады және отынмен қамтамасыз етудегі тоқтап қалуларға байланысты тәуекелдерді азайтады.
Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
АЭС салу және пайдалану өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, бұл жұмыссыздықты азайтуға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді.Құрылыс өңірдегі көлік-энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды талап етеді, бұл оның дамуына оң әсерін тигізеді.
Геосаяси артықшылықтар
Атом энергетикасының дамуы Қазақстанның технологиялық көшбасшылығын көрсетіп, оның халықаралық аренадағы беделін арттырады.
Атомдық энергетика ғылым, техника және энергетика салаларындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Энергия көздерін әртараптандыру. АЭС болуы саяси тұрақсыз өңірлерден отын импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады.
Меншікті атом энергетикасын дамыту елдің энергия жеткізушілері тарапынан саяси қысымға төзімділігін арттырады.2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда белгіленген қуаттылығы шамамен 24,6 ГВт болатын 222 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде: 19,5 ГВт – жылу электр станциялары, 2,5 ГВт – су электр станциялары, 2,6 ГВт – ЖЭК. Тұтыну 2023 жылы 112,9 млрд. кВт*сағ құрады, болжамды тапшылық 2024 жылы 2,4 млрд кВт*сағ, 2025 жылы – 3,3 млрд кВт*сағ.Электр энергиясын өндіру үлесі: көмірде – 66%, газда – 21,2%, СЭС-та – 6,8%, ЖЭК-та – 6%- ке қамтиды.