БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА БОЛСЫН!
Шілде айы нағыз суға түсу маусымы. Бұл уақытта адамдардың суға түсуін шектей алмаймыз. Дегенмен төтенше жағдайдың алдын алу үшін, сақтық шараларын сақтау керек.
Осы орайда, “Жазғы шомылу маусымына арналған іс-шаралар” жоспарына сәйкес,қалалық Полиция басқармасы, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері, 6 сектор мамандарымен бірлесе отырып, қауіпті саналатын аймақтар мен су айдындарында суға шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейд жұмыстарын жүргізуде.
Аралау барысында қала аумағында орналасқан суға түсуге арналмаған «Арыс-Түркістан» каналы, «Қарашық», «Шаға» өзендері бойы араланып, Полиция басқармасы тарапынан “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 364 және 440-бабына сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтамаған 19 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды
.
Сонымен қатар, 4500 дана ескертпе парақшалары таратылып, 3 дана баннер мен қауіпті учаскілерде 45 арнайы тақтайша қойылды.
Құрметті қала тұрғындары!
Суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
Жаз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апаруы ықтимал.
Балаларды мүмкіндігінше су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды сұраймыз!