Балдың емдік қасиеті қандай?

Ара балын адамдар тек тағам ретінде тұтынбайды. Оның емдік қасиеті ерте кезден белгілі. Infonews.kz сайты балдың көпшілік біле бермейтін пайдасы туралы ақпарат ұсынады.
— Денені ыстық суға немесе отқа күйдіріп алған кезде, жараны тұзды сумен жуып, бетіне бал жағуға болады;
— Улы жәндік шағып алса, құтырған ит қапқанда, апиыннан уланғанда, зираны қайнатып, оған бал қосып ішсе, уытты қайтарып, ауырғанды басады;
— Ұйықтар кезде бір стақан суға бір шай қасық балды араластырып ішсе, жүйкеге жақсы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі;
— Тұмауратып суық тигенде балды сүтке немесе лимон шырынына қосып ішсе, тезірек сауығуы әбден мүмкін;
— Балдан бет күтімі үшін арнайы маскалар жасауға болады. Бұл маскалар безеуді кетіріп, әжімнің алдын алады;
— Бал құрамындағы кальций миға жақсы сіңеді. Сол арқылы есте сақтау қабілеті жоғарылап, ұмытшақтық мөлшері азаяды.