Басқарма басшысы Қайнарбұлақ тұрғындарымен кездесті

0
134
Қайнарбұлақ тұрғын алабы 2022 жылы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Бұл туралы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков аталған елдімекен тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.
Бүгін энергетика басқармасы және Қаратау ауданы әкімдігінің қатысуымен Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ондағы басты мәселе – Қайнарбұлақ елдімекенінің табиғи газ, сапалы электр және ауыз сумен қамтылуы.
Нақтылап айтсақ, электр қуатымен қамту бойынша, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. 2022 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Ал Қайнар-бұлақ тұрғын алабын табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Leave a reply