БАҚ өкілдері арасындағы спартакиада жалғасуда

0
106

Шымкент қаласында жиырма сегіз маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі Спартакиаданың екінші күні журналистер қауымының Арқан тартумен жалғасты.

“Қажымұқан” орталық стадионында өзара бақ сынаған БАҚ спорт кешенінде басталды. Спорттың арқан тарту түрінен барлығы 6 команда қатысып, тартысты ойын болды. Нәтижесінде жүлделі бірінші орын “Ontustik” телеарнасы екінші орын “Ernur-press” корпорациясы, үшінші орын “Рейтинг-Собкор” командалары иеленді.

Бильярд бәсекесі де мәресіне жетті. БАҚ саласында қызмет атқарып жүрген, бильярд ойынына қызығушылығы жоғары отызға жуық әріптес бақ сынады. Дегенмен тартысты өткен бәсекеде белгілі фототілші Самат Мырзалиев үздік шығып, бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, спартакиада ойындарының қорытындысы жалпы командалық есебімен ұпай саны бойынша және арнайы дипломдармен жиырма алты маусым күні салтанатты іс шарада марапатталатын болады, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Leave a reply