БЕКЗАТТЫҚТАРДЫҢ ТІЛЕГІ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛУДА?

0
102

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Бекзат” секторында өткізген жоспарлы кездесуінде 26 тапсырма беріліп, қадағалауға алынған болатын.

Қазіргі таңда нақты 5-і орындалып аяқталды, 13 тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы бақылануда. Қалған тапсырмалар сараланып, тұрғындарға мәселенің заңдылығы түсіндірілді.

Бекзат секторында қала басшысының тапсырмасына сәйкес Қ. Қазақбаев көшесіне өндірістік кестеге сай канализация жүргізу жүзеге асырылуда, бақылау күшейтілді.

Балтакөл тас жолы бойындағы аллеяда күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Т. Бәйтерекұлы көшесі мен Жәңгірхан көшесі, Қ.Қазақбаев көшесі бойындағы балалар ойын алаңшалары қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

Қазіргі таңда аталған сектордың 40 көшесіне жарықшам орнатылған. 20 көше асфальтты, 80 көшеге тас төселген.

Тұрғын алап толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілген.

 

Leave a reply