«Бекзат» секторында көпқабатты 10 тұрғын үй жөндеуден өтті
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесуі туралы» Жарлығына сәйкес жыл басынан бері «Бекзат» секторындағы тұрғындарымен өткізген кездесулері барысында 101 мәселені қараған болатын. Бүгінгі күні соның 65-і орындалды. Атап айтар болсақ, оның 18-і инфрақұрылымға, 10-ы жолға, 9-ы электр жарығына, 7-еуі тазалыққа, 7-еуі жарықтандыруға, екеуі абаттандыруға, ал алтауы әлеуметтік салаға байланысты болды. Сонымен қатар, қазіргі таңда аталған секторда 12 мәселе бойынша жоспарланған жұмыстар қолға алынды. Сала мамандары одан бөлек тұрғындарға 24 мәселенің заңдылығын түсіндірді.
Айта кетейік, қазір қалада көпқабатты 46 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көпқабатты 54 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков өңірде әлі де жөндеуді қажет ететін 23 үй бар екенін мәлімдеуде. Соның ішінде “Бекзат” секторында көпқабатты тұрғын үйлер саны – 11. Оның 10-ы күрделі жөндеуден өткен, 1 тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары желтоқсан айының соңына дейін аяқталатын болады.
Жалпы бүгінде Түркістанда құрылыс көлемі 109,4 миллиард теңгені құрауда. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2 пайызға артып отыр. Қазіргі таңда қалада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың шақырымды құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік бюджеттен бөлек ӘКК «Түркістан» АҚ – 33 үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол 67,4 мың шақырым аймақты алып жатыр. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 80 үйдің құрылысы қолға алынған. Оның аумағы 181,4 мың шақырымды құрайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленетінін айтқан болатын. «Тұрғын үй – азаматтарымыз үшін қашан да басты мәселе. «Баспана хит» және «7-20-25» сияқты тұрғын үй бағдарламаларының мерзімі таяу арада аяқталады. Сонымен қатар нарықтық ипотека мөлшерлемесі әлі де жоғары және бәріне бірдей қолжетімді емес. Осыған орай Бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді. Ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы» банкі оның әкімшісі болып белгіленеді. Банк алдында бір терезе қағидаты бойынша есеп жүргізіп, азаматтарға тұрғын үй бөлу міндеті тұр», – деген Мемлекет басшысы сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеген еді.
Жолдауда айылған мәселелер Түркістан қаласында жүйелі орындалып келеді. Сала мамандарының мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2021 жылғы 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87,4 мың шақырымға немесе 3,5 есеге артық. Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалада қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 14 839 азамат тіркелген. Жалпы Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы мұнда жаңа тұрғын үй кешендері мен жаңа нысандардың құрылысы бір сәтке де тоқтаған емес. Ол үшін облыс әкімдігі тарапынан тиісті қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, инфрақұрылым, құжаттандыру мәселелері назарда болады. Қалада бүгінде «Feb Turkestan», «Yassy Green House», «Park View Residence», «DEL&Invet» секілді бірқатар компаниялар тұрғын үй кешендерін салуда. Түрлі сәулет үлгісінде салынған үш қабатты үйлер және коттедждер Түркістанның ажарын аша түспек. Тиісті сала мамандары әрбір үйдің құрылысы талапқа сай болуын мердігерлердерге жиі ескертіп отырады. Бүгінде шаһарда жыл соңына дейін бірнеше тұрғын-үй кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады.
Алдағы уақытта Президенттің 1000 мектеп салу тапсырмасына орай қала аумағында 11 мектептің құрылысын қолға алу жоспарлануда. Соның біреуі “Бекзат” секторында бой көтеретін болады. Ол 1200 балаға арналмақ.
Биыл “Бекзат” секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, соның нәтижесінде 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде 1 трансформатор орнатылды.
Аталмыш секторда бүгінде 118 көше бар. Оның 20-сы асфальт жол, 83-і тас жол, 15-і топырақ жол. Осы жылы 8,6 шақырымды құрайтын 16 көшеге тас төселді. 6,62 шақырымды құрайтын 3 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол салынды. Қазіргі таңда мұнда 2 нысанның құрылысы жоспарлануда. Атап айтсақ, темір жол аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын 2023 жылы бастау көзделіп отыр.
Қазіргі таңда қала ішінде 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар. Сала мамандары олардың жағдайы жақсы екенін айтады. Ал, қалған 142-сі шағын автобус. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34 пайызы жаңаланды. Оның 40 –ы «ТехПрофАвто» ЖШС-і, 38 -ы «Жолаушы» ЖШС-і есебінен алынды. Жыл соңына дейін тағы да 46 автобус алу жоспарлануда.
2021 жылы Түркістан қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленіп, Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «диспетчерлік орталық» қызмет көрсетуде. 2023 жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді. Қоғамдық көліктерге Алем Рау электронды билеттендіру жүйесі енгізілді.