Вторник, 17 сентября

БИЫЛ ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНДА 14 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
28

Бүгінде Жетісай қаласындағы Амангелді көшесіне асфальт төсеу, жеке тұрғын үй секторлары мен көппәтерлі тұрғын үйдің аулаларын су басуының алдын алу мақсатында арық-атыздарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
Аталған көше бойында орналасқан көптеген кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұрғын үй секторларының, жекеменшік балабақша иелерінің су қашыртқыларының үстіне заңсыз құрылыс салып алуының салдарынан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріліп, жауынды күндері су басу қауіпі орын алуда.

Аудан басшысы бұл мәселеге байланысты арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен заңсыздықтарға жол берген тұрғындармен тілдесіп, заң мен тәртіпке мойынсұну қажеттігін, арық-атыздардың үстіне құрылыс жүргізуге болмайтынын жеткізді.

Қаладағы жалпы ұзындығы 200 шақырымға жуық 175 көше мен 34 шақырымды құрайтын арық-атыздардың 2,8 шақырым жолы мен 3,6 шақырым арық-атыз Амангелді көшесіне тиесілі. Бүгінде аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей тапсырмасымен Амангелді көшесінің Рудаки-С.Ерубаев көшелерінің аралығындағы 1,1 шақырым асфальтталды. Енді қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы аудандық және қаланың IV деңгейлі бюджетінен жалпы ұзындығы 18,08 шақырымды құрайтын 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қала көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 71,6 пайызға жеткізсе, биыл аудандық қазынадан қаралған қаржы есебінен жалпы ұзындығы 2,4 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт төселген. Алдағы күндері қаланың IV деңгейлі бюджетінен ұзындығы 5,27 шақырымдық 5 көшеге орта жөндеу жүргізіліп, шаһардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 77,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Leave a reply