Thursday, November 21

БИЫЛ ОТЫРАРДА 400 БАС СҮТТІ ІРІ ҚАРАНЫҢ ФЕРМАСЫ АШЫЛАДЫ

0
31

Аймақтың дамуының негізгі мақсаттары, алда қол жеткізетін көрсеткіштер, басты бағыттар мен экономикалық бастамалар осы құжатқа енгізіледі. Ауданды дамыту үшін негізінен ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бағытында жұмыс атқарылмақ. Ол үшін инвестиция тарту, жаңа технологияларды ендіре отырып, өнімділікті арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендетуді басым бағыт ретінде таңдалып отыр. Даму жоспарда аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіпкерлік сынды салалар қамтылған. Стратегиялық құжат аясында барлық салаларды дамытуға бағытталған шаралар ұсынылған.

Биылға Отырар ауданында биыл 400 бас сүтті ір қара мал фермасы және жем өндірісі ашылмақ. 1000 гектарға жуық жерге су үнемдеу технологиясын енгізіліп, ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жоспарланған.

– Инвестиция көлемін арттыру үшін 2030 жылға дейінгі іске асырылатын тізбесі жасалып, жоспарға 145 жоба енгіздік. Оның ішінде 2025-2026 жылдары іске асырылатын жалпы құны 45,1 млрд. теңгені құрайтын 4 ірі жобаға басымдық берілуде. 4 мақта зауыты, шағын мақта қабылдау зауыты, 1000 басқа арналған мал борақылау алаңы жобасы, құрама жем шығару цехы жобалары есебінен 2030 жылға дейін жалпы ауданға тартылған инвестиция көлемі 68,6 млрд. теңгеге артады.

Отырар ауданы бойынша 33 500 гектарға жуық жерге егіс егілген. 10 855 га жерге жүгері, бидай, тары және көп жылдық мал азықтық дақылдары егілді. 500 га күздік бидай орылған. 2024 жылдың қорытындысымен 35 мың га егіс алқаптарынан жиналатын 350 мың тонна өнім есебінен және 9,9 тонна ет, 27,2 мың тонна сүт өнімдері есебінен толық орындалатын болады. 2025-2026 жылдары іске асырылуы жоспарланып отырған екі ірі жоба есебінен 2030 жылға дейінгі егіс алқаптарының көлемі 67 мың гектарға, мал басы санын арттыру есебінен өнім көлемін 93,8 млрд теңгеге, яғни екі есеге дейін арттыру көзделуде. Құрылыс, инфрақұрылым дамиды. Биыл 10-нан астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек. 2025 – 2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде 3 қонақ үй құрылысы басталады. «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырар төбе» қалашығы аралығындағы 1,7 шақырым жол бойын абаттандырылып, көркем сурет көрмесі мен өлкетану музейі салынады.

Leave a reply