БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ

0
24

Жылыжай шаруашылықтары үшін 1 тонна көмірдің құны 10 350 теңгені құрайды. Жеткізу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Қызығушылық танытқан жылыжай шаруа қожалықтары келісімшарт жасасу тәсілдері туралы толық ақпарат алу үшін Түркістан облысы әкімдігінің энергетика басқармасына хабарласуы қажет. Өңір әкімдігінің мәліметінше, биылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша облысқа 148,8 мың тонна көмір жөнелтіліп, жылыжай шаруашылықтары одан 28 мың тонна көмір сатып алды.

Сонымен қатар әрбір өңірдің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, коммуналдық-тұрмыстық көмір сауда-саттығының нормативтерін ретке келтіру мақсатында СИМ Сауда комитеті, БҚДА және ИИДМ-мен бірлесіп биржалық сауда саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі басым дақылдарды өндіру шеңберінде жылыжай шаруашылықтарын субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Атап айтқанда, маусымаралық кезеңде жылу энергиясына арналған шығыстарды субсидиялауды енгізу жоспарланып отыр. Субсидия алуға өтініш беру үшін жылыжайдың өндіріс технологиясына сәйкестігі туралы сертификат қажет.

Осы мақсатта вице-премьер С. Жұманғариннің тапсырмасы бойынша Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енген шаруа қожалықтарының жылыжайлары үшін ұлттық стандартын (ҚР СТ 3834-2023) бекітті. Бүгінде Ұлттық аккредиттеу орталығы республика бойынша аккредиттеу саласындағы бөлімшелер желісі бар “жылыжай” өнімі бойынша «ҰлтЭкС» АҚ бастапқы аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды аяқтауда. Сертификаттау бойынша дайындық жұмыстары тамыз айының бірінші онкүндігінде аяқталады деп күтіліп отыр.

2023 жылдың ақпан айының басында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қалың қардан зардап шеккен Түркістан облысының жылыжай иелерімен кездескен болатын. Сол кездесуде олар вице-премьерге көмірді жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету және субсидияларды қайтару туралы өтінішпен жүгінген еді. Вице-премьер шаруаларды Үкіметтің жылыжай шаруашылықтарын субсидиялау туралы шешімі туралы хабардар етті. Ол үшін жылыжай сертификаттаудан өтіп, өндіріс стандарттарына сай болуы керек. Осы мақсатта С. Жұманғарин жылыжай шаруашылығының ұлттық стандартын әзірлеуді тапсырды.

Leave a reply