Thursday, November 21

БИЫЛ 18 МЫҢ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

0
135
Шымкент қаласының аумағы ұлғайып, шалғай елдімекендер әлі кәріз жүйесіне қосылмаған. Нақтырақ айтар болсақ, қаладағы 81 шағынауданның 18-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 63 шағынаудан қамтылмаған.
Қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында қазір 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. 3 магистралды кәріз коллекторының және 10 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар: Самал — 1,2,3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Наурыз және Солтүстік-Шығыс шағынаудандары.
Бұл жылы 3 шағынауданның және 1 магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталып, Самал-1, Солтүстік Шығыс және Наурыз шағынаудандарының 18 мың тұрғыны кәріз жүйесіне қосылатын болады.
Cамал-1 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Үшсай» мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмысы қарқынды жүруде. Ұзындығы 33,9 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі құрылысының бүгінде 70% аяқталған. Қараша айында құрылыс жұмысы толығымен аяқталып, нысан пайдалануға беріледі.
Ал, Солтүстік-Шығыс шағынауданында ұзындығы 16,1 шақырымды құрайтын нысан құрылысының 30% аяқталған. Құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Leave a reply