БОЛАШАҚ САЙЛАУ – САРАБДАЛ САЯСАТТЫҢ БАСТАУЫ БОЛМАҚ

0
115

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 21інде халыққа Үндеуін жариялады. Онда Президент алдағы қарашаның 20-сына белгіленген сайлауды бірауыздан үлкен белсенділікпен, ұйымшылдықпен өткізуге шақырды.

«Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Мен Жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады.

Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз.

Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік.

Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Мен Жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады.

Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз.

Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік»,-деп басты мақсатын шынайы  түрде білдірді.

Біз де түркі дүниесінің рухани астанасы атына лайық белсенділік көрсетіп, сайлауға ұйымшылдықпен қатысайық дегім келеді.

Мақсұт АТАНБАЕВ,

Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

 

Leave a reply