Thursday, November 21

Былтыр Түркістанда 257 нысан салынды

0
130

Түркістан облысы – еліміздегі халық ең тығыз қоныстанған аймақ. Облысымызда 2 миллионнан астам адам тұрады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әлеуметтік саладағы бастамалардың әр азаматтың тұрмысына өзгеріс әкелетінін айтып өтті.Жалпы, 2022 жылы 349 бюджеттік инвестиялық жобаларды іске асыру жоспарланған болатын. Жыл соңына дейін 107 нысан пайдалануға тапсырылды, қалғаны биылғы жылдың еншісінде қалдырылған-ды.

Бүгінге дейін облыс орталығында жалпы құны 445 млрд. теңгеге 257 жаңа нысан салынып, түрлі жобалар жүзеге асты. Оның ішінде халықаралық әуежай, мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтардағы нысандар салынып, Бекзат Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды, өнеркәсіптік аймақтардағы инфрақұрылым құрылыстары қолға алынды. Түркістан қаласына жаңа магистральды су құбырлары жүргізіліп, қала толық газдандырылды.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылыстарын жүргізу, «Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» ұзындығы – 48 шақырым, «Сарыағаш қаласының айналма жолы» ұзындығы – 102 шақырым, «Түркістан қаласының шығыс айналма жолы» ұзындығы – 30 шақырым автожолдары сияқты ірі жобалар қарастырылған болатын. Бұдан басқа, өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Қасқасу» тау шаңғысы курортына инфрақұрылын жүргізу, Түркістан қаласында туристік-рекреациялық орталығын салу жоспарланған-ды.

Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру көзделген. Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қалпына келтірілді. Арнайы экономикалық аймаққа кіретін индустриялық аймақтың инженерлік жүйелерінің құрылысы жүргізілді. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2022 жылы 855 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланып, 11 айдың ішінде облыс бойынша 811,6 мың шаршы метр (6811 пәтер) тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 136,7 пайызға орындалды. Бюджет есебінен тұрғын үй құрылысына 35,9 млрд. теңге бөлініп, аталған қаржыға 129 үй немесе 8 мыңға жуық (7928) пәтер салынуда, оның ішінде 6979 пәтер – әлеуметтік-кредиттік. 949 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына және көпбалалы отбасыларға арналған, жыл соңына дейін 60 тұрғын үй (3 594 пәтер) пайдалануға беріледі.

Білім саласында жалпы құны 20,9 млрд. теңгеге 51 нысанның (13 000 оқушыға арналған) құрылысы жүргізілуді. Оның 22-сі (5000 оқушыға арналған) пайдалануға тапсырылды. Қалғаны 2023 жылға өтпелі болған еді. Бүгінде осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, мемлекет мектеп тапшылығы мәселесін шешуге ерекше күш салуда. Соңғы жылдары Түркістан облысында 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қосымша 60-тан астам мектеп ғимаратын салу қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында 2,8 млрд. теңгеге 20 нысан салынуда, жыл аяғына дейін 4-еуі (Шардарада 150 келушіге араналған емхана, Түркістан қаласында жедел жәрдем стансасы, Ордабасы ауданында 2 ФАП) пайдалануға тапсырылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандарын салу және реконструкциялау 1 нысан (Кентау қаласының оңалту орталығы) құрылысына 2,3 млрд. теңге бөлінген, нысан биыл пайдалануға беріледі.

Мәдениет саласы бойынша 14 нысанның құрылысына 2,2 млрд. теңге бөлінген, нысандар биыл ел игілігіне тапсырылады. Спорт саласында 13,8 млрд. теңгеге 12 нысан салынуда, оның 2-ін пайдалануға берілді. Қалғандары биыл беріледі. Туризм саласында 2 нысанның құрылысын пайдалануға тапсыру жоспарланған болатын. Ал, «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық жүйелері биыл ел игілігіне тапсырылады. Ауыл шаруашылығы саласында 2,5 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылысы жүргізілді. Барлығы биыл пайдалануға тапсырылады.

Бүгінде Түркістан облысында инженерлік инфрақұрылымды жақсарту және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы салаға 34,8 млрд. теңгеге 110 нысанның құрылысы жоспарланған, былтыр 18-і тапсырылды, қалғаны 2023 жылға өтпелі болды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысындағы 712 елді мекен (85,7%) немесе 1971,7 мың адам (95%) таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Былтыр ауыз су бойынша 55 нысанның құрылысына бюджеттен 19,2 млрд. теңге бөлініп, оның 11-і жыл соңына дейін пайдалануға берілді. Нәтижесінде 719 елді мекен (86,5%) немесе 1 979,3 мың тұрғын (95,6%) таза ауыз сумен қамтылды. 2025 жылға дейін елді мекендерді сумен 100 пайыз қамту жоспарланған.

2021 жылы электрмен жабдықтау бойынша 19 жоба жүзеге асырылып, 32 мың тұрғыны бар 40 елді мекен қамтылды. Қазіргі таңда өңірдегі 457 елді мекен (54,9%) немесе 1 374 мың тұрғын (67,2%) орталықтандырылған табиғи газбен қамтылған. Былтыр 75 нысанның құрылысына 24,4 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 10 елді мекенді немесе 32 198 тұрғынды қамтитын 8 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 67 нысан биылғы жылға өтпелі.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үй және 2561 бюджеттік мекеме жылумен қамтылуда.

Айта кетейік, былтыр өңірімізде 120 қоғамдық көлік жаңартылды, Түркістан қаласында тасымалдаушылар есебінен 28 жаңа автобус сатып алынды. Түркістан қаласының әуежайы 1 халықаралық (Ыстамбул) және 7 ішкі рейстерге (Астана, Алматы, Ақтау, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Орал) қызмет көрсетуде.

Leave a reply