Вторник, 17 сентября

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ЖЕҢІС ШЫҢЫНАН КӨРІНДІ

0
36

Шымкент қаласында 2024 жылдың 22-25 тамыз күндері аралығында 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туылған жасөспірімдер арасында «Олимпиада» бокс клубының ашық біріншілігі өтті.
Додалы сайыста Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Өзбекстан Республикасынан келген 280-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақтарын сынады.
Халықаралық дәрежеде өткен жарысқа «Ақсу Жекпе-жек» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірттері қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, 30 келі салмақ дәрежесінде Әмір Ердаулет финалдық кезеңде Өзбекстандық боксшыны жеңіп, алтын медальді еншіледі. Ал, 43 келі салмақ дәрежесінде Илият Райымбек те барлық қарсыластарын қапыда қалдырып, алтын медальға ие болды.
Жеңіс тұғырынан көрінген шәкірттеріміздің бапкері Баратов Бауыржанды шәкірттерінің жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Leave a reply