Бір КӨШЕТ… ЕКІ МЕЗГІЛ ӨНІМ

0
112
Сарыағаштық диқандар жылына екі-үш рет өнім алуды әдетке айналдырды.  Қысы-жазы тыным таппайтын, көзін ашқаннан еңбек етуді ғана білетін диқандардың арқасында болар, дастарқанымыз көл-көсір. 
 Ынтымақ елді мекенінде орналасқан  «Абдуназар»  шаруа қожалығында жылыжай  бар. Шаруа қожалық  төрағасы Ш.Раймназаров өзінің иелігіндегі үй іргелік жер учаскесінен  жылыжай  тұрғызып, бүгінде сол жерден бір отбасыға жететін табыс тауып отыр. Өзінің алақандай жерін тиімді пайдалану бұл үлгілі іс…  Ол ол ма? Бір жерден екі-үш рет өнім алу былай тұрсын, бір көшеттен екі мезгіл өнім жинауды біздің қазақ бұрын-соңды естімеген болар.
 «Абдуназар» шаруа қожалығы бірнеше жылдан бері өсімдік шаруашылығымен айналысып келеді. Бір өсімдіктен жылына екі рет өнім алу мақсатында жылыжайға 2021 жылғы  желтоқсан айында «Блек перу» сұрыпты баялды (баклажан) көшеттерін отырғызған. Биылғы  жылдың басында 15 тоннадан астам бірінші өнімді жинап алғаннан кейін көшеттің сабағын қырқып, яғни бір көшеттен екінші өнім алуға дайындаған. Еткен еңбек оңынан келіп, бүгінгі таңда шаруашылық бір көшеттен екінші рет 15 тоннадан астам өнім жинап отыр.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласы өкілдерінің еңселі еңбектерінің нәтижесінде 2022 жылдың
9 айында  ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 104,4 млрд теңгені құраса, ауыл шаруашылығы саласына 5,9 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Бүгінгі таңда аудандағы жылыжай көлемі 683,2 гектарды құрап, осы жылыжайлардан 140,0 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Leave a reply