БӘЙДІБЕКТЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

0
82

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Округ орталығындағы «Қаратау» мәдениет үйінде өткен жиында Ерлан Заипұлы өткен жылдың қараша айында болған кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуы мен жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндады.

Атап айтқанда Талап, Түйетас, Сарыбұлақ және Амансай елді мекендері былтырғы жылы табиғи газға қосылды. Аудандық маңызы бар Қаратас-Теректі жолындағы кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге заң аясында шара көруге сотқа талап арыз жолданды. Анықталған кемшіліктер ретке келтірілетін болады.

О.Тайманов және Түйетас елді мекендерінің ауыз су жүйесін реконструкциялауға жоба әзірлеуге аудандық бюджеттен қаржы қаралды. Облыстық бюджеттен Қаратас, Теректі елді мекендеріндегі ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралып, осы жылы кемшіліктер ретке келтіріледі. О.Тайманов, Жоғарғы Боралдай және Теректі елді мекендеріндегі осы жылы газ құрылысын аяқтап, газға қосу жоспарлануда. Амансай мен Талап елді мекендері арасындағы тозығы жеткен (10кВт) электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасына сәйкес ауыстырылды. Сондай-ақ, аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға осы жылы О.Тайманов (Үміт көшесі 3,0 шқ), Теректі (Қостұра көшесі 4,0 шқ), Қаратас (Қаратау көшесі 3 шқ), Жыланды (Кенжебаев-Тәуелсіздік көшелері 1,9 шқ), Амансай (Өтембаев көшесі 2 шқ), Сарыбұлақ (О.Базарбаев, Д.Керімбаев көшелері 2,7 шқ), Теректі (Ақшоқы көшесі 2,8 шқ) елді мекендерінің ішкі көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Боралдай елді мекеніндегі «Боралдай дәрігерлік амбулаториясын» күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы жүргізілетін болады. Талап (3 дана), Амансай (1 дана), Сарыбұлақ (1 дана), Тайманов (1 дана), Ақжар (1 дана), Боралдай (1 дана), Түйетас (1 дана), Теректі (1 дана) және Жыланды (1 дана) елді мекенінде орналасқан трансформаторларды қоршау жұмыстарына аудандық бюджеттен, Жыланды ауылындағы Жеңістің 65 жылдығы көшесіне (1,0 шқ), Амансай ауылындағы Бәйдібек би көшесіне (2,0 шқ), Талап ауылындағы Ынтымақ көшесіне (2,0 шқ) тас төсеу жұмыстарына қаржысы қаралды. Амансай ауылындағы мəдениет үйінің құрылысына республикалық бюджеттен қаржысы қаралды. Аталған елді мекеніндегі «Домалақ ана» жалпы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен ағымдағы жылы қаржы қаралып, мердігер мекеме «Construction Group» ЖШС-і анықталды. Теректі елді мекеніндегі Ақшоқы көшесіндегі (8х5 метр) көпірді ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен қаржы қаралды. Жыланды елді мекенінде ішкі газ жүйелерінің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды, – деді аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов.

Жиында Боралдайлық тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда ауыз су, жайылымдық жер, электр жарығы, денсаулық және мәдениет салалары мен әлеуметтік және басқа да мәселелер қамтылды. Жиын барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптарын берді. Аудан әкімі жауапты бөлім, мекеме басшыларына жиын беткеннен соң сұрақ қойған азаматтармен бірге көтерілген мәселелердің аумағына барып, мән-жайды толық зерделеп, тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырма берді.

Округке қарасты бірқатар жобаларға қаржы бөлініп отыр. Биылғы жылы жүзеге асатын болады. Әрбір атқарылатын жұмыстардың сапасы бақылауымда. Бүгінгі жиында да мәселелер айтылды. Кейбір мәселерді шешу уақыт пен қаржыны талап етеді, бірақ міндетті түрде кезең-кезеңімен шешілетін болады. Қазір көктем мезгілі, ауыл әкіміне елді мекендердің қас-келбетін ретке келтіруді тапсырамын. Әктеу, сырлау, тал егу, ескі ғимарттарды бұзу және тағы да басқа жұмыстары қолға алынады.

Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен өткен бүгінгі жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, мәслихат депутаттары қатысты.

Leave a reply