БӘЙДІБЕКТЕ КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бәйдібек ауданындағы сәулет-көркем музейінің аумағы мен «Қосым баба» кесенесінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға аудандық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы және музей ұжымы қатысты. Нәтижесінде музей мен кесененің ауласы қоқыс пен шөптерден тазартылды. Сенбілік – қоршаған ортаны таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, музей ғимараты республикалық деңгейдегі тарихи-сәулетті ескерткіш болып саналады. Бүгінде музейге келушілердің саны артып келеді. Онда көне тарихтан сыр шертер құнды жәдігерлер жинақталып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.
«Таза Қазақстан» экоакциясы асяында атқарылған жұмыстарға апта сайын талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда өңірде аталған акция аясында абаттандыру, көгалдандыру санитарлық тазалық, қоқыс шығару және полигондарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда.
Жалпы облысқа қарасты 807 елді мекенінде сенбілік жұмыстары кестеге сәйкес тұрақты жүргізіліп келеді.
«Сенбілік – тазалық айнасы» атты тақырыпта барлық аудан, қаладағы жастар орталықтары да атсалысты.
Сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сонымен қатар әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бір жарым мыңдай көше бойы тазаланды. 850 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан бөлек ағаштар әктелінді, аяқ жолдары қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Көпірлер, өзендер, каналдар мен бұлақтардың арналары жиналды. Көп қабатты тұрғын үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістері (подъезд) тазартылды. Үй қасбеттеріне әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. 145 мыңға жуық ағаш және бұта отырғызылды. Жалпы он бес мыңдай адам сенбілікке қатысып, 239 техника жұмылдырылды.