Saturday, November 23

«Гауһар» тігін фабрикасында бүгінде 250 қыз-келіншек тұрақты жұмыспен қамтылған

0
130

Шымкенттегі ең ірі «Гауһар» тігін фабрикасы – мемлекет қолдауының арқасында ісі ілгерілеген өндіріс орны. Кезінде жекешелендірудің жарқын үлгісі болған кәсіпорын – бүгінде 250 қыз-келіншектің тұрақты жұмыс орны. Фабрика өнімдері тек отандық нарыққа ғана емес, сонымен бірге ел аумағынан тысқары жерлерде де танылып үлгерген. Бұдан бөлек ішкі нарықты да қажетті тігін бұйымдарымен тұрақты қамтып келеді.

2011 жылы кәсіпорын Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына иек артты. «Бизнестің жол картасы» бойынша «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында үшінші фабрика салуға несие алды. Бұл кәсіпорын еліміздің Қорғаныс министрлігі мен төтенше жағдайлар саласының мамандарына қажетті арнайы киімдер тігумен айналысады.

Үшқабатты ғимараттың негізгі залын алып алып отырған пішушілер цехының тиісінше, жұмыс көлемі де аса ауқымды. Аудитория мүмкіндігіне сай заманауи құрылғылармен жабдықталған. Әр тігіншінің алдына итальяндық тігін мәшинесі қойылған. Қол күшін қажет етпесе де тігіншіге жүктелген міндеттің жүгі ауыр. Себебі, мұнда тігілетін қызметтік жейделерден бастап, арнайы костюмдерге де сұраныс көп. Фабриканың базалық-материалдық жағдайы әр күн сайын 300 қыстық, 500 жаздық дана киім дайындауға мүмкіндік береді.

Бүгінде фабриканың өнімдеріне сұраныс үлкен. Тіккен киімдерінде мін жоқ. Сәнді, тігісі мықты. Яғни, кәсіпорын заман көшінен қалмаған. Өмір талабына сай өнім шығаратын бірегей өндіріс ошағына айналған.
«Гауһар» тігін фабрикасы бүгінгі таңда өңіріміздегі тігін өндірісінен алдыңғы қатардағы кәсіпорындарының бірі. «Назарбаев зияткерлік мектебі» формасынан бастап, әскери тапсырыстармен аяқталуда. Бұл фабриканың 80% өндірісі импортталады.

Leave a reply